Lifestyle

Еуро-2024 несімен ерекшеленді

Еуро-2024 несімен ерекшеленді/ коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Еуропа құрлығының үздігін анықтау үшін 24 құрама биыл Германия төрінде бір айға жуық футбол «тойында»өнер көрсетті. Бұл дода несімен есте қалды, назарларыңызға Еуро-2024-тің ерекше оқиғалармен бөлісеміз.

Еуро додасында ойнаған ең жас футболшы

Биылғы маусымның басты жаңалығы болған 16 жасар Ламин Ямаль Испания құрамасының көшбасшылардың біріне айналды. Футбол тарихында бірден бірнеше рекордты бұзды.

Фото: ашық дереккөздер, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Айта кететін болсақ. Еуро додасында ойнаған ең жас футболшы, (16 жас 338 күн). Жай ойнап қана қоймай Франциямен жартылай финал ойнында Ямаль гол салған ең жас футболшы атанып, (16 жас 362 күн) бұл көрсеткіш бойынша дәл осы Еурода тағы бір гол салған Түркияның жас футболшысы Арда Гюлердің рекордын жаңартты. Сондай-ақ Әлем бойынша ұлттық құрама сапында гол салған ең жас футболшы, бұл көрсеткіш бойынша футболдың атасы Пеленің рекордын бұзды.

Фото: ашық дереккөздер, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Сонымен қатар әлеуметтік желіде бала Ямальды шомылдырған Лионель Мессидің суреті кеңінен тарап кетті. Желі қолданушылары «кезінде Месси қырқынан шығарып, батасын берген екен ғой» деп ырымға баулады. Суреттің тарихына келетін болсақ, 2007 жылы желтоқсанда «Барселона» ойыншылары қайырымдылық фотосессиясына қатысқан. Акцияны сол кездері «Барселонаның» демеушісі болған Diario Sport пен ЮНИСЕФ ұйымдастырған. Каталониялық ойыншылар ЮНИСЕФ қорғауындағы әлеуметтік және этникалық топ балаларымен суретке түскен. Кейіпкерлерді Каталонияның жағдайы жоқ аудандарынан іздеген. Рокафонд тура сондай қаланың бірі. AS ақпараты бойынша, Ямалдың ата-анасы «лотереядан» жеңіп шыққан. Осылайша, алты айлық Ламин фотосессияға тап болып, Лионель Мессимен суретке түскен.

Еуроның ең жылдам голы

Фото: ашық дереккөздер, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Италияның Албаниямен матчы күтпеген оқиғадан басталды. Балқан жартылай қорғаушысы Байрами Еуро тарихындағы ең жылдам гол соғып, небәрі 22-ші секундта ерекшеленді. Италияндықтар жылдам гол жіберіп алғанымен, артынша екі гол салып жеңіске жетті. Албания құрамасы Еурода керемет ойнымен есте қалмаса да, футбол рекордтар кітабына еніп, тарихта қалды.

Қартаймайтын Лука Модрич

Фото: ашық дереккөздер, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Хорватия құрамасының капитаны Лука Модрич Еуропа чемпионаттарының тарихындағы ең егде гол авторы танылды (38 жаста және 289 күнде). Ол 55-ші минутта Еуро-2024 топтық кезеңінің үшінші турында Италия құрамасына қарсы матчта ерекшеленді. Алайда дәл осы ойында итальяндықтарға қарсы Хорватия командасы матчтың соңында гол өткізіп, басымдықты сақтай алмады. Осылайша Лука қанша тырысса да, Хорватия топтан шыға алмады.

Криштиану Роналду – рекорд пен антирекорд

Фото: ашық дереккөздер, бильд-редактор Ахтам Зиперов

39 жастағы Криштиану Роналду бірден бірнеше рекорд орнатты. Ол турнирдегі ең егде жастағы капитан болды. Сондай-ақ қазіргі Еуро жұлдызды шабуылшы үшін мансаптағы алтыншы Еуропа чемпионаты болды. Бұл – турнирдің рекорды.

Сондай-ақ антирекорд та орнатылды. Роналду тарихта алғаш рет Еуродан гол соға алмай кетті. Гол соққан жағдайда Лука Модричтің гол соққан ең егде жастағы футболшы рекордын бұзуға мүмкіндігі бар еді. Естеріңізге сала кетейік, Португалия пенальти бойынша Францияның ¼ финалында жеңіліп қалды. Алайда Криштиану 2026 жылы Әлем чемпионатына қатысуды жоспарлап отыр.

Еуродағы ең егде футболшы

Фото: ашық дереккөздер, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Еуродағы жасы ең үлкен футболшы португалиялық қорғаушы Пепе болды. Оның жасы 41-де және 129 күн ретінде тіркелді. Криштианудың ұзақ жылдар бойы бірге келе жатқан серігі, досы Пепе де жасына қарамастан соңына дейін жоғары деңгейде өнер көрсетіп, Франциямен ойыннан кейін көз жасына ерік берді. Біраз сарапшылар Пепе үшін ұлттық құрама сапындағы соңғы ойыны болған шығар деп болжады. Бірақ өзі ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Соған қарағанда Пепе әлі де бабында екенін және алдағы бір-екі жылда мансабын аяқтаймайтын секілді.

20 жыл бойы барлық ірі турнирде гол соққан ойыншы

Фото: ашық дереккөздер, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Швейцария құрамасының ойыншысы Джердан Шакири футбол тарихында ғаламат рекорд орнатып отыр. Ол ұлттық құрама сапында үш Әлем чемпионаты мен үш Еурода гол салған жалғыз ойыншы. 2014 жылғы әлем чемпионаты (үш гол); Еуро-2016 (бір гол); 2018 жылғы әлем чемпионаты (бір гол); Еуро-2020 (үш гол); 2022 жылғы Әлем чемпионаты (бір гол); Еуро-2024 (бір гол)

Түріктердің де өз рекордтары бар

Фото: ашық дереккөздер, бильд-редактор Ахтам Зиперов

¼ кезеңіне жетіп және жартылай финалға таласта Нидерландыға қарсы өнер көрсеткен Түркия құрамасы жақсы әсер қалдырды. Түркия құрамасы 2008 жылдан бері алғаш рет және тарихта екінші рет Еуро плей-оффына шықты. Тағы бір рекорд! Бұл жолы түрік құрамасының ойыншысы Түркия мен Грузия құрамалары арасындағы ойында жас жартылай қорғаушы Арда Гүлердің әдемі голы орын алды. Арда Еуропа чемпионатындағы дебюттік матчында (19 жыл 114 күн) гол соққан тарихтағы ең жас ойыншы болды. Бұрын бұл рекорд Криштиану Роналдуға тиесілі болған (19 жыл 128 күн, Еуро-2004 Греция қақпасына гол).

Бір өліп, бір тірілген Эриксен

Фото: ашық дереккөздер, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Еске сала кетейік 2021 жылдың 12 маусымында Дания мен Финлияндия арасындағы ойын кезінде Кристиан Эриксеннің жүрегі тоқтап қалған еді. Дәрігерлер алаңда бірнеше минут футболшының өмірі үшін күрес жүргізіп, алаңда оның жүрегіне массаж да жасалды. Кейін даниялық футболшының жүрегіне кардиовертер-дефибриллятор қойылып. Футболдан бір жылдай үзіліс алған болатын.

Алайда футболшы араға уақыт салып, биыл Еурода сол оқиғадан кейін 1100 күннен соң алаңға қайта оралып Дания — Словения матчында гол салып ерекшеленді. Денсаулығы сыр берген оқиғадан кейін, Дания футболының басты жұлдызы мансабын жоғары деңгейде жалғастыра алады деп кім ойлаған? Бірақ дәл осындай оқиғалар жанкүйерлердің делебесін қоздырып, шабыттандыратыны сөзсіз.

Кросстың футболмен қош айтысуы

Фото: ашық дереккөздер, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Неміс құрамасының ардагері Тони Кроос Шотландияға қарсы кездесуде (5:1) 102 пас берді, оның тек біреуі дәл емес болып шықты. Бұл сонымен қатар Пас беру дәлдігі бойынша турнирдің рекорды. 100 немесе одан да көп пасы бар әзірге жалғыз ойыншы Тони Кросс осылайша өзінің футбол мансабын жоғары деңгейде бітірді.

Айта кетейік, бір айға созылған Еуро-2024 жеңімпазы бүгін, 14 шілде күні, анықталады. Финалдық кездесуде Испания мен Англия Еуропа құрлығының үздігін анықтайтын болады. Бүгінгі ойында да біршама рекорд пен тарихқа куәгер болатынымыз сөзсіз. Испания жеңіске жеткен жағдайда өзінің төртінші Еуросына қол жеткізіп, футбол тарихында Еуроны ең көп ұтқан құрамаға айналады. Ал ағылшындар жеңіске жетсе, алғашқы рет Еуропа чемпионы атанады. Ендеше қай құрама рекорд жаңартады? Бүгін сағат 00:00 де Qazsport және Qazaqstan телеарналарынан көре аласыздар!