Шымкенттің экс-әкімінің ағасы Марат Әйтеновтің бұрынғы әйелі полиция қызметінен қорғаныс нұсқаулығын алғанын мәлімдеді

Жарияланды (жаңартылды )
Шымкенттің экс-әкімінің ағасы Марат Әйтенов ісі сотқа жолданды / коллаж kursiv.media

Шымкенттің экс-әкімі Мұрат Әйтеновтің ағасы Марат Әйтенов тергеу абақтысына қамалып, оның ісі сотқа жолданды.

12 шілде күні Әйтенов бұрынғы әйелі Дана Атешова мен бала-шағасын үйінен күшпен шығармақ болған. Дана жанжал туралы Instagram парақшасында баяндап, видео жариялады. Бейнежазбадағы ер адам оны шашынан сүйреп, зорлық-зомбылық көрсеткен.

Келесі күні Дана Атешова Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан бейнеүндеу арқылы бұрынғы күйеуі – М. Әйтеновтің қыспағынан арашалауды сұрады. Одан кейін Әйтеновті құқық қорғау органдары ұстады.

Дана Атешова әлеуемттік желі арқылы өзі мен балаларының қауіпсіздігіне кепілдік беретін қорғаныс нұсқаулығын алғанын хабарлады. Оны үйден күштеп шығармақ болғанда полиция қызметкері қам-қарекетсіз тұрған. М. Әйтенов Қазақстанның даму банкі, «Астана» халықаралық қаржы орталығы, «Самұрық-Қазына» қорында жұмыс істеген.

Сондай-ақ оқыңыз