Трампқа кімнің оқ атқаны белгілі болды
АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампқа оқ атқан адамның есімі белгілі болды. Күдіктінің аты-жөні – Томас Мэтью Крукс. New York Post жариялаған ақпарат бойынша ол өзі оқ атқан ғимаратта қаза болды. Трамп Пенсельвания штатының Батлер қаласында сайлаушылармен кездескен.
Крукс 130 километр жердегі өнеркәсіп ғимаратында болған.
BBC-дың жазуынша Крукс Бетлерден 70 шақырым жердегі Бетел-Прак қаласынан. Ол шамамен оншақты оқ атып үлгерген. Қастандық алдында 20 жастағы жігіт әлеуметтік желіде Дональд Трампты және республикашыларды жек көретінін айтып бейнежазба жариялап, кейін оны өшіріп үлгерген.
Оқ Трамптың оң құлағының үстін жанап өткен. Митинг кезінде екі адам қаза тапты. АҚШ Президенті Джо Байден бұл қастандықты айыптады.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та АҚШ-тың бұрынғы Президенті Дональд Трампқа жасалған қастандықты қатаң айыптайтынын мәлімдеді және оның тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Оқиға орнынан түсірілген кадрларға қарағанда, Трамп АҚШ-тағы заңсыз мигранттардың саны туралы айтқан кезде оқ атқан. Оқ Трампқа тигенге дейін күдікті терезеден секіріп, қашып кетпек болған.
Трампты қорғауға жауапты құпия қызмет өкілінің айтуынша, экс-президентке қауіп төніп тұрған жоқ және тергеу басталды. Күдікті ұстау операциясы барысында көз жұмды.