Бұрынғы әйеліне шабуыл жасаған: Шымкенттің экс-әкімінің ағасы 5 күнге қамалды
Шымкенттің экс-әкімі Мұрат Әйтеновтің ағасы Марат Әйтенов бұрынғы әйеліне шабуыл жасағаны үшін 5 күнге қамауға алынды.
Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Әкімшілік кодекстің 73-бабының 1-бөлігі бойынша Мұрат Әйтеновке қатысты істі қарады.
«Істің мән-жайы бойынша, құқық бұзушы үйдегі отбасылық жанжал кезінде бұрынғы жұбайының абыройы мен қадір-қасиетін қорлап, оның атына дөрекі сөйлеген. Осылайша оған құрмет көрсетпей, басқа адамдардың тыныштығын бұзған», – делінген сот хабарламасында.
Әйтеновтің бұрынғы әйелі Дана Атешованың айтуынша, Әйтенов үйден көшіру кезінде оған шабуыл жасап, денесіне зақым келтірген. Сот құқық бұзушылықтың мән-жайлары әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, бейнежазбамен, жәбірленушінің түсіндірмелерімен расталағанын жазған.
Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін мойындамаған және балаларын алып кеткісі келгенде, бұрынғы жұбайының оларды қолдарынан ұстап жібермегенін айтқан. Ол әдепсіз сөз айтпағанын, оны ұрмағанын атап өткен.
«Жоғарыда келтірілген мән-жайларды, сондай-ақ жұртшылыққа теріс әсер ететін және жеке адамның құқықтарына қол сұғатын жасалған іс-әрекеттің дәрежесі мен сипатын ескере отырып, құқық бұзушы ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Оған жаза тағайындалып, 5 тәулікке қамауға алынды», – делінген сот хабарламасында.
12 шілде күні Әйтенов бұрынғы әйелі Дана Атешова мен бала-шағасын үйінен күшпен шығармақ болған. Дана жанжал туралы Instagram парақшасында баяндап, видео жариялады. Бейнежазбадағы ер адам оны шашынан сүйреп, зорлық-зомбылық көрсеткен.
Келесі күні Дана Атешова президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан бейнеүндеу арқылы бұрынғы күйеуі – Марат Әйтеновтің қыспағынан арашалауды сұрады. Одан кейін Әйтеновті құқық қорғау органдары ұстады.
Дана Атешова әлеуеметтік желі арқылы өзі мен балаларының қауіпсіздігіне кепілдік беретін қорғаныс нұсқаулығын алғанын хабарлады. Оны үйден күштеп шығармақ болғанда полиция қызметкері қам-қарекетсіз тұрған. М. Әйтенов Қазақстанның даму банкі, «Астана» халықаралық қаржы орталығы, «Самұрық-Қазына» қорында жұмыс істеген.