АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампқа жасалған шабуылдан кейін оның алдағы сайлаудағы жеңісіне деген сенім артуда. Бұған қоса, оқиғадан кейін сарапшылар сауда-саттық нарығының жандана түсетінін жазған.
Reuters сарапшылары сайлауалды митингісіндегі шабуылдан кейін Трамптың Ақ үйге оралу мүмкіндігі арта түскенін жазған. Басылымның жазуынша, оның президенттік перспективасының артуы доллар бағамының өсіп, АҚШ қазына кірісі мен Азиядағы сауда нарығының ауытқуына алып келген. АҚШ-тың он жылдық қазынашылық фьючерстері шамамен 13 пунктке төмендеді, ал доллардың еуро мен иенаға қатысты бағамы өскен.
Сарапшылар қазіргі президент Джо Байден жұмыссыздық төмендеуіне инфляцияның баяулауына жұмыс істейтінін атап өткен. Алайда АҚШ экономикасы үшін ең жақсы кандидат Трамп деп есептейді. Трамптың тұсында бірқатар мәселелерге қатысты жүйе әлсіреуі мүмкін екендігін жазады. Мәселен, сауда саясатын және климаттың өзгеруі мен криптовалюта сияқты мәселелерге қатысты қатаң шешімдер болмауы мүмкін.
Сонымен қатар инвесторлар корпоративтік және жеке салықтардың төмендеуін жалғастырады деп күтеді, бұл бюджет тапшылығының өсуіне қатысты алаңдаушылықты арттырады.
Айта кетейік, Дональд Трампқа шабуыл жасалғаннан кейін көп ұзамай АҚШ президенті Джо Байден Х (бұрынғы Twitter) парақшасында Трампқа, оның отбасына және митингіге жиналғандардың барлығына тілеулес екенін жазды.
«Джил (Байденнің жұбайы – ред.) екеуміз Трамптың қауіпсіздігін қамтамасыз еткені үшін құпия қызметке алғыс айтамыз. Америкада мұндай зорлық-зомбылыққа орын жоқ. Бір ұлт ретінде бірігіп, жауыздықты айыптауымыз керек», — деді Байден.
Трампқа жасалған шабуылға қатысты Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Ұлыбритания премьері Кир Страмер, Қытай төрағасы Си Цзинь Пинь, Израиль басшысы Беньямин Нетаньяху, Италия президенті Джордж Мелони, Венесуэлла президенті Николас Мадуро және Канада премьері Джастин Трюдо пікір білдіріп, шабуылды айыптап, саясаткерге қолдау көрсетті.
Оқиға орнынан түсірілген кадрларға қарағанда, Трамп АҚШ-тағы заңсыз мигранттардың саны туралы айтқан кезде оқ атқан. Оқ Трампқа тигенге дейін күдікті терезеден секіріп, қашып кетпек болған.
АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампқа оқ атқан адамның есімі белгілі болған. Күдіктінің аты-жөні – Томас Мэтью Крукс.