«Қазақтелеком» директорлар кеңесінің құрамы екі есе қысқарды
«Қазақтелеком» АҚ басқармасының құрамы өзгертілді. Бұл туралы компанияның KASE-ге жолдаған ақпаратынан белгілі болды.
Директорлар кеңесінің 5 шілдедегі шешімімен компания басқармасының құрамынан Людмила Атамуратова, Берік Битабаров, Наталья Лян шығарылған.
Бұл өзгерістердің нәтижесінде «Қазақтелеком» АҚ басқармасы үш
адамнан құралып, құрамына Бағдат Мусин, Әлібек Индыкбаев, Нұрлан Мейрманов кіреді. Осылайша компанияның директорлар кеңесі екі есеге қысқарып отыр.
Еске сала кетсек, 10 маусымда Бағдат Мусин «Қазақтелеком» компаниясының басшысы болып тағайындалды.
Сәуірде «Қазақтелеком» АҚ 2023 жылға арналған қаржылық есебі жарық көрген. Оған сөйенсек, компанияның салыққа дейінгі пайдасы 18,4%-ға, 134,237 млрд теңге, операциялық пайдасы – 11%-ға төмендеп, 161,311 млрд теңгені құрады. Жалпы пайда 1%-ға өсіп, 237,728 млрд теңгеге жетті.
Компанияның активтері 15,2%-ға өсіп, 1,483 трлн теңгеге, міндеттемелері – 22,1%-ға, 679,338 млрд теңгеге, меншікті капиталы – 10%-ға, 803,662 млрд теңгеге дейін өсті. Жарғылық капитал 12,136 млрд теңге деңгейінде қалған.