Банк пен қаржы

KASE-дегі сауда-саттықтың жиынтық көлемі 18,7 %-ға өсті

KASE
Акциялар нарығын капиталдандыру жыл басынан бері 20,8 %-ға, 32,3 трлн теңгеге дейін өсті / Фото: Shutterstock

Қазақстандық қор биржасындағы сауда-саттықтың жиынтық көлемі 187,2 трлн теңгені құрады. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 18,7 %-ға немесе 29,4 трлн теңгеге өсті. Бұл туралы 2024 жылдың II тоқсаны және бірінші жартыжылдығының қорытындысын жариялаған Қазақстан қор биржасының басқарма төрағасы Алина Алдамберген хабарлады.

«Жыл басынан бері KASE индексінің мәні 23,0 %-ға 5 151,81 тармаққа дейін өсті. Акциялар нарығын капиталдандыру 5,6 трлн теңгеге 32,3 трлн теңгеге дейін, саудаланатын корпоративтік борыш көлемі 4,3 %-ға 14,1 трлн теңгеге дейін өсті. Листинг процедурасынан 15 жаңа эмитенттің бағалы қағаздары өтті. 1 шілдедегі жағдай бойынша 698 эмитенттердің 252 атауындағы мемлекеттік емес бағалы қағаздар болды», – деп хабарлады KASE басшысы.

Қор биржасының хабарлауынша, акциялар нарығын капиталдандыру жыл басынан бері 20,8 %-ға, 32,3 трлн теңгеге дейін өсті.

Бастапқы нарықта сауда-саттық көлемі 49,2 млрд теңгеге ұлғайып, 49,3 млрд теңгені құраған. Қайталама нарықтағы сауда-саттық көлемі 28,6 %-ға немесе 42,1 млрд теңгеге төмендеп, 105,0 млрд теңгені құраған.

Ал KASE индексі жыл басынан бері 23,0 %-ға, 5 151,81 тармаққа дейін өсті. Индекстік акциялармен сауда-саттықтың жалпы көлемі 73,3 млрд теңгені құрады.

2024 жылдың алты айының қорытындысы бойынша KASE-де саудаланатын корпоративтік борыш көлемі 4,3 %-ға немесе 575,1 млрд теңгеге 14,1 трлн теңгеге дейін (30,2 млрд USD) ұлғайды. Бұл ретте 2024 жылдың екінші тоқсанында корпоративтік борыш көлемі 4,5 %-ға немесе 610,2 млрд теңгеге өсті.

Еске сала кетсек, 2024 жылғы мамыр айында Қазақстан қор нарығында акциялармен сауда-саттық бірден 47,6% кеміген.