Yandex Ресейдегі активтерін сатуға келісті – БАҚ

Жарияланды (жаңартылды )
Фото: kursiv.media архивінен

Yandex N.V. активтерін ресейлік инвесторлар консорциумына сатуға келісті. DW басылымының жазуынша мәміле сомасы 475 миллиард рубль болды. Келісім қорытындысына сәйкес  31 шілдеге дейін Yandex N.V. атын өзгертеді және Яндекс брендтерін пайдалануды тоқтатады.

15 шілдеде компанияның баспасөз қызметі Голландиялық компания Yandex N.V. бизнесін халықаралық және ресейлік бөлікке бөлуге және ресейлік сегментін сату жөніндегі мәмілені толығымен жапты және топтың акционерлерінен шықты деп хабарлады.

Ресейлік «Яндекстің» бақылау пакеті «Консорциум.Бірінші» жабық инвестициялық қорына беріледі. Қордың құрамына бірнеше кәсіпорын кіреді: Яндекс менеджерлері құрған FMP, Лукойлдың «Аргонавт» пай қоры, сондай-ақ, Leta Capital венчурлық қорының негізін қалаушы Александр Чачава, Infinitum депозитарийінің басшысы Павел Прасс және кәсіпкер Александр Рязанов. МКАО «Яндекстің» бас компаниясы Калининград облысында тіркеледі.

Голландиялық компанияны бақылауды Яндекстің негізін қалаушы Аркадий Волож және шетелдік акционерлер бөліседі. Атап өткендей, Волож Nebius, TripleTen, Avride және Toloka стартаптарын дамытуды жалғастырады.

2022 жылы Аркадий Волож Еуропа санкциясына ұшырады. Оған Ресейдің Украинаға басып кіруі себеп болды. Аркади «Яндекс» компаниясының директоры кеңесінен және директор қызметінен шығып кетті.

«Яндекс» одан кейін серверін Қазақстанға көшіруді қолай көрді. 2023 жылы ел үкіметімен келісімге келген соң «Яндекс» ЖШҚ бұл үдерісті бастады. 2024 жылдың соңына дейін осы істі аяқтауды жоспарлап отыр.

Yandex Qazaqstan 2023 жылы Қазақстанда  23 млрд теңге салық төлеген. Компания Алматыда жаңа кеңсесін ашты. Қазірдің өзінде онда 500-ден астам қызметкер бар.

Қазіргі уақытта елімізде 10-нан астам компания сервисі жұмыс істеп тұр. Оның қатарында іздеу жүйесі, қалалық қызмет, бұлттық және геосервистер, ойын-сауық және білім беру жобалары бар.

Yandex Cloud жақында Қарағандыда өзінің дата орталығын іске қосты

«Яндекс» қазіргі уақытта InDrive  компаниясынан басып оза бастады. Былтыр InDrive көш басында болған облыстар саны қысқарды. Жеті облыстан біреу ғана қалған. Бес облыста «Яндекс» бірінші орынға шығып кетті. Бұл сервис InDrive үшін басты сегмент болып тұрған – қалааралық сапарларды да қолға алып жатыр.

Бір жыл ішінде компания өз үлесін арттырып үлгерген. Яғни 2023 жылы оның жалпы елдегі үлесі 48,6% болса, 2024 жылы 59,2%-ға дейін өскен. Ал екінші орынға жайғасқан InDrive компаниясы, керісінше, өз үлесін 23,9 %-дан 18,9%-ға дейін қысқартқан. Негізінен қысқаруға «Яндекстің» ірі қалаларда емес, елдің орталық өңірлерінде позициясын күшейтуі себеп болған.

Сондай-ақ оқыңыз