2024 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша, ТМД елдерімен сауда көлемі 12%-ға төмендеп, 13,3 млрд долларды құраған. Осы уақыт аралығында экспорт 16%-ға, импорт 8%-ға қысқарған. Бұл туралы Бірінші несие бюросы хабарлайды.
Қазақстанның ТМД елдерімен тауар айналымының 70%-дан астамын Ресей құрап отыр. 2023-2024 жылдары Ресеймен тауар айналымы айтарлықтай қысқарған.
Экспорт 22%-ға қысқарған. Әсіресе, бағалы металл кендері мен жеңіл автокөліктер есебінен экспорт азайды. Ал импорт 7% жоғалтты. Негізінен Ресейден келетін мұнай өнімдері азайған. Ресей мен Қазақстанның тауар айналымы 30 миллиард долларды құрайды.
Дегенмен мәселе тек Ресей Федерациясында ғана емес: Түркіменстан мен Молдованы қоспағанда, ТМД-дағы бүкіл дерлік серіктеспен тауар айналымы төмендеді.
Түркіменстанға қатысты айта кететін жайт, мұнай газын сатып алу есебінен импорт бірден 2,4 есеге өсті. Молдоваға экспорт дәл осылай 2,4 есеге өсті: оған теміржол рельстеріне арналған металл бұйымдарын сату көмектесті.
Бірақ та Қазақстанның Түркіменстанмен де, Молдовамен де айтарлықтай сауда айналымы жоқ.