Дональд Трамп Республикалық партия атынан АҚШ президенттігіне үміткер ретінде ресми тіркелді

Жарияланды (жаңартылды )
Business News бөлімінің редакторы
Трамп президенттікке үміткер ретінде тіркелді / Фото: shutterstock.com

Дональд Трамп АҚШ-тың Республикалық партиясынан президенттікке кандидат ретінде тіркелді. Екі күн бұрын оған қастандық жасалып, құлағынан жарақат алған еді.

АҚШ-тың бұрынғы президенті Милуокидегі ұлттық съезде республикалық партиядан үміткер ретінде тіркелуге жеткілікті дауыс жинады. 2400 делегаттың жартысынан астамы Трампты кандидат ретінде ұсынуды қолдады.

Ішкі партиялық сайлау нәтижесінде Трамп өзінің басты бәсекелестері – АҚШ-тың БҰҰ-дағы бұрынғы тұрақты өкілі Никки Хейли, Флорида штатының губернаторы Рон ДеСантис пен кәсіпкер Вивек Рамасвамиді сенімді түрде басып озып, Республикалық партиядан жалғыз үміткер атанды. Басқалары жарыстан шығып қалды.

АҚШ президентін сайлау 2024 жылдың 5 қарашасына белгіленген.

Трампқа Пенсильваниядағы сайлауалды кездесуде қастандық жасалды. АҚШ президенттігіне үміткер жараланып, бір адам қаза тапты.

Оқиға орнынан түсірілген кадрларға қарағанда, Трамп АҚШ-тағы заңсыз мигранттардың саны туралы айтқан кезде көпшілік арасынан белгісіз адам оқ атқан. Болжам бойынша ол бұрынғы президенттен алыс қашықтықта орналасқан ғимаратта тұрған. Оқ Трампқа тигенге дейін күдікті терезеден секіріп, қашып кетпек болған.

Сол күні кешке АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампқа оқ атқан адамның есімі белгілі болды. Күдіктінің аты-жөні  – Томас Мэтью Крукс. New York Post жариялаған ақпарат бойынша ол өзі оқ атқан ғимаратта қаза болды. 

Ал Reuters сарапшылары сайлауалды митингідегі шабуылдан кейін, Трамптың Ақ үйге оралу мүмкіндігі арта түскенін жазады. Басылымның хабарлауынша, оның президенттік перспективасының артуы доллар бағамының өсіп, АҚШ қазына кірісі мен Азиядағы сауда нарығының ауытқуына алып келген. АҚШ-тың он жылдық қазынашылық фьючерстері шамамен 13 пунктке төмендеді, ал доллардың еуро мен иенаға қатысты бағамы өскен.

Сондай-ақ оқыңыз