Алматы қаласында «Мизам» базарындағы қойма өртенді

Жарияланды (жаңартылды )
Өрт туралы хабар кеш түскен / Фото: ТЖМ

Төтенше жағдай министрлігі Алатау ауданындағы қойма өртенгенін хабарлады.

Солтүстік айналым, 78/1 мекенжайында орналасқан сауда алаңында қатар тұрған контейнерлер өртеніп кетті. Контейнерлердегі дүңгіршектер отқа оранды. Оқыс оқиға туралы хабар кеш түскен. Өрт сөндірушілер бірден іске кірісті.

«Қазавиақұтқару» тікұшағы базар аумағына алты мәрте оралып, өрт ошағына 30 тонна су төкті. Сауда алаңында 2300 шаршы метр жер өртенді.

Алматы қаласы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаевтың сөзінше, сағат 18:37-де өрт сөндірілді. Ол жерде 100 адам мен 23 техника жұмыс істеді. Қойма маңындағы басқа нысандар жалын шарпуынан аман қалды. Төтенше қызмет өрттің шығу себебін зерделеуде.

Red Heart
Сондай-ақ оқыңыз