2023 жылы Қазақстан табиғатты қорғау қызметіне 610 млрд теңге жұмсады
Ұлттық статистика мәліметі бойынша 2023 жылы қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған шығын көлемі 610 млрд теңгеге жетті. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 37,2%-ға артық (444,5 млрд теңге).
Ақмола облысында табиғатты қорғау ісіне ең көп қаражат – 127,7 млрд теңге жұмсалды. Республика бойынша барлық шығынның 20,9%-ы болып есептелінеді.
Одан кейін Атырау (89,1 млрд теңге), Павлодар (59,4 млрд теңге) және Ақтөбе (51,2 млрд теңге) облыстары орналасқан. Жетісу ең соңғы сатыда. Осы облыс 1,5 млрд теңге жұмсады.
Табиғатты қорғау шығындарының едәуір үлесі (97,2%) өнеркәсіп кәсіпорындарына тиесілі.
Энергия үнемдеу технологияларына және энергия тиімділігін арттыруға (жаңартылатын энергия көздеріне) жалпы шығынның 33,2%-ы бағытталды (940 млн 167 мың). Қалдықтарды басқаруға – 21,6%, атмосфералық ауаны қорғау және климат өзгеруіне – 20%.
Парниктік газдардың эмиссиясын азайтуға 3 234 119 мың теңге, топырақты, жерасты және жерүсті суларын қорғау мен оңалтуға 15 948 797 мың теңге, радиациялық қауіпсіздік шарасына 879 505 мың теңге жұмсалды. Ғылыми зерттеу жұмысына 5 063 347 мың теңге арналды.
Экология және табиғи ресурстар министрлігі 8,7 млрд теңге бюджет қаражатын игермек. 2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша оның 3,7 млрд теңгесін игеріп үлгерген. Орман ресурстары мен жануарлар дүниесін басқару, сақтау және дамыту бойынша 22,9 млрд теңге, гидрометеорологиялық және экологиялық мониторингті дамытуға 6,4 млрд теңге мақсатты жұмсалған.