Қазақстандықтардың сүйікті Toyota Camry-ін өзге үш бренд басып озды

Жарияланды 17 Шілде 2024 18:03

(жаңартылды 18 Шілде 2024 13:29)
Құралай Құдайберген

Құралай Құдайберген

Business News бөлімінің тілшісі q.qudaibergen@kursiv.media
Қазақстандағы ұлттық маркасы тізімінен түсіп, орнын өзгелері алмастырды /Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

«Қазақстанның Автокөлік Одағы» мәліметінше, маусымда жаңа автокөліктер саудасы мамыр айымен салыстырғанда 30,2% өсіп, 16 688 жеңіл көліктер мен коммерциялық техникалар сатылған. Осылайша алты айда 83 145 авто саудаланды. Бұл 2023 жылдың бірінші жартыжылдығының көрсеткішінен 0,1% төмен (83 220 бірлік).

«Жаңа автокөліктер саудасы өткен жылмен шамалас деңгейде. Алайда «сұр» арналар арқылы тексерістен, сертификаттаудан өтпей-ақ, бақылаусыз көлік жеткізу елдің экономикалық тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне қауіп төндіріп, тұтынушылар да қиындыққа тап болуы мүмкін. «Сұр» импорт сатушыларды қолдан құжат жасап, міндетті төлемдер мен салықтан жалтаруға ынталандырады. Автомобиль аларда оның бүкіл салығы төленгеніне және заң тұрғысынан тазалығына көз жеткізіңіздер», – деді Одақ басшысы Анар Мақашева.

Маусым айында ең көп сатылған үздік -10 автомобильдердің арасында Hyundai (3 522 бірлік: былтырғы маусыммен салыстырғанда -16,6% жоғары) бірінші тұр. Екінші орынға Kia моделі 2 979 автокөліктерімен ие болды (+19,1%). Chevrolet үшінші қатарға тұрақтады – 1 815 бірлік. (-55,1%). Төртінші сатыға қайта көтерілген Chery дилерлері 1 239 темір тұлпардың кілтін тапсырған (+39,2%). Бесінші орынға бұл жолы 1 130 адам сатып алған Toyota шықты (+125,1%). Одан кейін тізімде Jac (1 128 бірл.; +39,6%), Haval (674 бірл.; +11,2%), Jetour (662 бірл.; +549%), Geely (628 бірл.; +127,5%), және Changan (518 бірл.; -29,5%) тұр.

Инфографика: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Маусымда аса танымал болған модельдер тізімінде тағы Hyundai Tucson (1 884) көш бастады. Екінші орын Chevrolet Cobalt-қа (1 440 бірлік) бұйырса, үздік үштікті жаңарған Kia Sorento (904 бірлік) түйіндеді. Kia Sportage (867 кроссовер) төртінші қатарға жайғасса, Chery Tiggo 2 (541 бірлік) бесінші сатыдан көрінді. Сонымен қатар тізімде су жаңа Hyundai Santa Fe (472 бірлік), Kia Ceed (434 бірлік), Toyota Hilux (419 бірлік), Hyundai Elantra (354 бірлік) және Kia Cerato (341 бірлік) бар.

2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік саны 5 473 711-ге дейін жетті. Оның ішінде 88%-ы – жеңіл көлік болса, 9,9% – жүк көлігі және 1%-ы – автобус.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2024 жылғы мамырда есепке 137,9 мың автокөлік есепке қойылған. Былтырмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 14,4%-ға кем. Соның ішінде тіркелген автобус саны 3,3%, жеңіл автомобильдері 15,2% және жүк автомобильдері 4,5%-ға төмендеді.

Сондай-ақ оқыңыз