Еуропалық Одақтың (ЕО) Қытайда өндірілген электр көліктерінің импортына тарифті көтеруге қатысты ойы екіге бөлінді. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.
Бұл ретте ЕО-ның 12 мүшесі баж салығын енгізуді қолдап дауыс берді (олардың ішінде Франция, Италия және Испания), 4-і қарсы, 11-і қалыс қалды (олардың ішінде Германия, Финляндия және Швеция бар).
Финляндия өкілі бұл шараларды еуропалық автокөлік өндірушілердің барлығы бірдей мақұлдамайтынын ескере отырып, бұл бастаманың ЕО мүддесіне сай келетініне елдің күмәнмен қарайтынын айтты.
Егер мәселені қарау барысында Еуропалық Одақ баж салығын арттыруды жақтаса, ЕО халқының 65% құрайтын 15 мүше мемлекет арасында сауалнама жүргізіледі.
Одақтың сауда саясатын қадағалайтын Еуропалық комиссия әділетсіз субсидияларға қарсы тұру үшін Қытайдан әкелінетін электр көліктеріне кейбір жағдайларда 37,6% дейін уақытша тарифтер енгізді.
Еске сала кетсек, комиссияның шешіміне сәйкес, қосымша баж салығы Қытайдың үш электр көлігі маркасына жеке әсер етті. BYD бренді үшін қолданыстағыдан жоғары баж салығы 17,4%, Geely үшін – 19,9%, SAIC бойынша – 37,6% деңгейінде белгіленген.
Bloomberg тариф мөлшерлемелері 48%-ға дейін көтерілетін хабарлады. Бұл болашақта ЕО-ның Бейжіңмен сауда қарым-қатынасында шиеленіс тудыратынын атап өтті. Уақытша шаралар 5 шілдеде күшіне енеді. ЕК қараша айында Қытай үкіметінің субсидияларына қатысты тергеу аяқталғаннан кейін түпкілікті шешім қабылдайды.
Бұған дейін Қытайлық автоөндірушілер еуропалық көліктерге 25% салық енгізуді талап еткен.