Патох Шодиев пен Александр Машкевич ERG директорлар кеңесі құрамынан шықты

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Енді ERG директорлар кеңесін Ибрагимов басқарады / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Eurasian Resources Group S.à r.l. (ERG) директорлар кеңесінің құрамына өзгерістер енгізді.

Директорлар кеңесінің құрамы өзгерді. Осылайша кеңес құрамына 2021 жылы кірген Шухрат Ибрагимов директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.

«Сабир Шодиев бұл қызметте Патох Шодиевті алмастырды.
Эдуард Сурлевич бұл қызметте Александр Машкевичті алмастырды», – деп жазылған компания таратқан ақпаратта.

Кеңестегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин  мен ҚР қаржы министрі Мәди Такиевтер директорлар кеңесінінің мүшесі қызметін атқара береді.

«Жаһандық қатерлер мен құбылмалы нарықтарда компанияны одан ары нығайтып, дамыту қамында осындай шешім қабылданды», – деп түсіндірді ERG баспасөз қызметі.

Патох Шодиев – кәсіпкер, Eurasian Resources Group тау-кен компаниясының, Еуразиялық банктің, Евразия сақтандыру компаниясының және Еуразиялық индустриялық компанияның тең иесі. Енді ол ERG директорлар кеңесі құрамындағы орнын ұлы Сабир Шодиевке берді.

Александр Машкевич – Израиль азаматы. Forbes нұсқасы бойынша 3,7 млрд доллар байлығымен осы елдегі алтыншы ең бай бизнесмен.

Шухрат Ибрагимов – Қазақстанның ең ықпалды 50 кәсіпкерінің бірі. Ол ERG директорлар кеңесінің құрамына 2021 жылы кірген.

Бұған дейін топтың негізін қалаушы-акционерлері Александр Машкевич пен Патох Шодиев, Алиджан Ибрагимов директорлар кеңесіне мүше болған.

Жаңарған директорлар кеңесінің құрамына енген менеджерлер компанияның ішкі процестеріне бұрыннан етене аралсып келеді.

Eurasian Resources Group S.à r.l. ( «ERG») Люксембургте тіркелген. ERG-дің түпкі иелері: ҚР Қаржы министрлігі – 40%, Александр Машкевич және Ибрагимовтар отбасы – 20,7%, Патох Шодиев –18,6% акциясына иелік еткен.

Бұған дейін ERG құрылымына кіретін компания ресейлік зауыттан 1 млрд теңгеден астам қаржы өндіріп алды.

Сондай-ақ оқыңыз