Lifestyle

УЕФА Қазақстан футбол федерациясының басшысына қатысты тергеу бастағаны рас па?

УЕФА Қазақстан футбол федерациясының басшысына қатысты тергеу бастағаны рас па? / Фото: Қазақстан Футбол федерациясы

Қазақстан футбол федерациясы Әділет Барменқұловқа қатысты УЕФА-ның тергеу бастағанын жоққа шығарды. Бұл туралы ҚФФ Instagram парақшасында жазба жариялады.

13 шілдеде Inside The Games басылымы Барменқұловқа қатысты УЕФА тексеру жұмыстарын бастағанын жазған еді.

«Ол «өзара ішкі келісіммен өткен» ойындар туралы білген және бұл әрекеттің Қазақстан Республикасы аумағында орын алуына ешқандай кедергі жасамаған. Бұл оның осы матчтарға, сондай-ақ басқа шенеуніктердің пайдасына жеке қызығушылық танытқанын көрсетеді», – деп жазған басылым.

Алайда ҚФФ ақпаратына сүйенсек, 2024 жылғы Еуропа чемпионатының финалында ҚФФ президенті Әділет Барменқұлов УЕФА президенті Александр Чеферинмен кездескен.

«Айта кетейік, УЕФА Қазақстан футбол федерациясының басшысына қатысты тергеу бастағаны туралы кейбір БАҚ-та жарияланған ақпарат шындыққа жанаспайды», – делінген ҚФФ хабарламасында.

Ақпаратқа сүйенсек, Берлинде өткен кездесуде ҚФФ президенті УЕФА мен ҚФФ бірлескен жобаларының жұмысы жайлы айтып, сондай-ақ Қазақстандағы футболды дамыту бойынша жоспар мен Қазақстанда УЕФА Конгресін өткізу мүмкіндігін қарастыру мәселесін талқылаған.

«Чеферин бұл бастамаларға қолдауын білдіріп, ортақ мақсатқа жету үшін серіктестіктің маңызы жоғары екенін атап өтті. Бұған қоса, бірлескен жобалар аясында атқарылып жатқан жұмыс және UEFA Assist пен UEFA Academy бағдарламаларына, балалар мен жасөспірімдер футболы мен инфрақұрылымды дамыту бойынша бағдарламаларға жоғары баға берді», – делінген хабарламада.

Қазақстан футбол федерациясы футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа бас бапкері ресейлік Станислав Черчесов болған еді. Ал бұған дейінгі бапкер Магомед Адиевпен келісімшарт екі жақтың келісімімен тоқтатылған.