Қазақстандықтар тамызда неше күн демалады?

Жарияланды
5 күндік жұмыс кестесімен істейтін қазақстандықтар тамызда 10 күн демалады / Коллаж: kursiv.media; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Қазақстандықтар тамызда 10 күн демалады. Демалыс күндерінің 9 күні сенбі-жексенбіге түседі. Ал ай соңында демалыс үш күнге созылады.

Атап айтқанда, тамыз айында 5 күндік жұмыс кестесі бойынша жұмыс істейтін азаматтар 10 күн демалса, 6 жұмыс күні кестесімен істейтіндер 5 күн демалады.

Ал айдың аяғында қазақстандықтар қатарынан үш күн демалуына 30 тамызда аталып өтетін Конситуция күнінің жұмаға түсуі себеп. Солайша қазақстандықтар жаз маусымының соңында 30-31 тамыз және 1 қыркүйек күні демалмақ.

Бұл күндері 6 күндік жұмыс кестесімен істейтін азаматтар жұма күні демалып, сенбі жұмысқа шығады.

Айта кетейік, 2024 жыл 366 күнге толады. Оның 249-ы жұмыс күнімен 117-і демалыс күнімен өтеді. Ең көп демалыс наурызда айында болды. Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мерекесінің күндерін қосқанда 14 күн демалыс шықты. Яғни айдың тең жартысы демалыспен өтті. Ал ең аз демалыс күндері де өтіп кетті. Ол сәуір айына түскен. Ол айда қазақстандықтар небары 8 күн ғана демалды. Қалған айлардағы демалыс күндеріне тоқталар болсақ, қыркүйекте мереке болмайды. Ол айда күнтізбелік 22 жұмыс күні, 9 демалыс күні бар.

Қазан айында Республика күніне орай 3 күн демалыс. Қазақстандықтар 22 жұмыс істеп, 9 күн демалады.

Қарашада 9 демалыс күнімен 21 жұмыс күні бар.

Жыл аяғы желтоқсанда Тәуелсіздік күніне орай 3 күн демалыс беріледі. Жалпы бұл айда 21 жұмыс күні болса, қалған 11 күні демалыспен өтпек.

Сондай-ақ оқыңыз