Енді полицейлер жол ережелерін бұзғандарды жасырын тіркеуі мүмкін

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Мұндай тәжірибені алғашқылардың бірі болып Атырау облысының полицейлері қолға алды / Фото: архив kursiv.media 

Енді полицейлер жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерін жасырын тіркеуі мүмкін. Ішкі Істер министрлігінде жолдарда «жасырын» патрульдеуге рұқсат беру ұсынылды. Мұндай тәжірибені бірінші Атырау облысының тәртіп сақшылары сынақтан өткізді.  Олар қала сыртындағы жолдарда арнайы танымдық белгілері жоқ қызметтік автокөліктермен патрульдік тексеріс жүргізіп бастаған.

Жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысында Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбеков жасырын патурльдеу шарасы жайлы түсіндіріп берді.

Оның айтуынша, арнайы танымдық белгілері жоқ полиция машиналары бұзушылықтарды фото-видео фиксациялау жүйелері арқылы бірден анықтайды. Ал ол туралы ақпарат автоматты түрде процессинг орталығына жіберіледі. Жол ережесін бұзған жүргізуші болса айыппұл салынғаны туралы хабарлама алады.

Ведомство сонымен қатар IT-компаниялар ұсынын да қарап жатыр. Яғни жол-көлік оқиғаларын тіркеу және бұзушылықтардың алдын алу үшін дрондарды пайдалану ұсынысы да назарға алынған.

Айта кетейік, осыған дейін Көлік министрлігі inDrive, Яндекс Go жүргізушілері жылдамдықты асырса, жолаушыларды тасымалдаудан шеттетілуі мүмкін екенін мәлімдеген еді.

Сондай-ақ оқыңыз