Nasdaq 100-дің бір жарым жыл ішіндегі ең жаман күнінде Intel акциялары қымбаттады

Жарияланды
Қытайды чиптерден әлде де шектей түскеннен Intel ұтуы мүмкін / Фото: Unsplash/Slejven Djurakovic

Америкалық процессор өндіруші Intel акцияларының бағасы 17 шілдедегі саудада қымбаттады, ал жартылай өткізгіштер секторының басқа ойыншылары, керісінше, бағаны төмендетті. Бірақ күн басталып жатқанда Intel қағаздары бірден 8%-ға қымбаттады. Қытайды алдыңғы қатарлы чиптерден АҚШ тағы да шектей түсуі мүмкін деген жаңалық инвесторларды алаңдатып отыр. Сарапшылар бұл шара Intel үшін ұтысқа айналуы мүмкін деп отыр.

Толығырақ

Сәрсенбі, 17 шілде күні сауда басталғаннан кейін Intel акциясының бағасы 37,16 долларға көтерілд, яғни 8%-ға өсті. 2024 жылғы 11 сәуірден бергі қағаздар құнының ең жоғарғы шегі осы болып тұр. Алайда сауда күнінің соңында қарқыны айтарлықтай бәсеңдеді: жабылардағы бағасы 34,46 доллар болды, бұл – алдыңғы күнге қарағанда 0,35%-ға көп мөлшер. Жыл басымен салыстырғанда компания қағаздары қазір 45,8%-ға арзан.

Қауіп-қатер немесе артықшылық

Басқа чипмейкерлер акцияларын құлдыратқан себеп Intel акцияларын өсірді. «Ол себеп – Қытайды алдыңғы қатарлы жартылай өткізгіштер мен процессорлардан АҚШ билігі одан әрі шектей түседі деген инвесторлардың қорқынышы», – дейді Bloomberg. 16 шілдеде оның дереккөздері мынаны айтты: «АҚШ президенті Джо Байденнің әкімшілігі қолынан келетін «ең қатты шектеулерді» енгізуі мүмкін екенін айтып одақтастарын ескерткен. Вашингтон Tokyo Electron немесе ASML Holding сияқты компаниялардың Қытайға алдыңғы қатарлы чипті пайдалануға мүмкіндік беретініне наразы», – дейді Bloomberg сұхбаттастары.

Intel акцияларын өсірген бұдан басқа тағы бір себеп – республикашылар атынан АҚШ президенті болуға үміткер Дональд Трамптың Тайваньға қатысты мәлімдемесі деп біледі Bloomberg. Трамп: «Тайвань АҚШ-тан чип бизнесін тартып алған, сондықтан өзінің қауіпсіздігі үшін АҚШ-қа ақы төлеуге тиіс», – деген.

Кей инвесторлардың пікірінше, сайлаудан кейін Ақ үйді кім иеленсе де Intel ұтыста, өйткені Байденнің де, Трамптың да саясаты осының пайдасына жұмыс істейді деп отыр Bloomberg. Осы себеппен Intel-мен қатар сәрсенбі, 17 шілде күні, Globalfoundries компаниясының акциялары 7%-ға қымбаттады, 14%-ға өскен сәті де болды. Philadelphia Semiconductor Index-тің жартылай өткізгіш секторының индексі 6,8%-ға төмендеді.

Сарапшылар не дейді?

Mizuho сарапшылары АҚШ саудадағы шектеуін күшейткен жағдайда америкалық ықтимал жеңімпаздар ретінде Intel мен Texas Instruments (TXN тикері) компаниясының акцияларын бақылауға кеңес берді деп хабарлады Investing.com. Texas акциялары сәрсенбі, 17 шілдеде 1,14%-ға арзандады.

Dakota Wealth Management портфелінің аға басқарушысы Роберт Павликтің сөзін Bloomberg келітерді: «Тайвань өзінің қорғанысы үшін ақы төлеуге тиіс болса, онда бұл Қытай сөзден іске көшеді дегенді білдіреді ғой, солай емес пе? Онда Intel ұтады, себебі оның өндірістік орындары АҚШ-та».

Жартылай өткізгішпен айналысатын америкалық компанияның көбі Қытаймен бизнес жасасуға өте мұқтаж. Сондықтан биыл чипке деген жоғары сұраныстың арқасында жылдам өскен Nvidia, ARM Holdings және Broadcom акциялары сәрсенбі, 17 шілде күні 6-9%-ға арзандады деп толықтырды Bloomberg. Чипмейкерлер мен ірі технологиялық компаниялар қағаздарының құлдырауына байланысты Nasdaq 100 индексі 2022 жылғы желтоқсаннан бергі ең нашар динамиканы көрсетті.

Сарапшының көбі Intel акцияларын ұстап отыруға кеңес береді: 30 Hold рейтингісі бар екенін FactSet көрсетеді. 14 сарапшы технологиялық алпауыттың қағаздарын сатып алуға (Buy және Overweight рейтингтері), төртеуі сатуға (Sell) шақырады.

Сондай-ақ оқыңыз