Қазақстанда инвестициялық белсенділік баяулап, бұл экономиканың дамуына қысым жасап жатыр – Halyk Finance
15 шілдеде Үкімет елдің 2024 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған экономикалық даму қорытындыларын жариялады. Қазақстан экономикасының дамуы 2023 жылмен салыстырғанда айтарлықтай баяулады.
2024 жылдың алты айында ЖІӨ өсімі 3,3% болды. 2023 жылы өсу қарқыны айтарлықтай жоғары еді(5,3%). Өткен жылы қалыпты өсім көрсеткен өнеркәсіп секторының динамикасы 2,8%-ға баяулады. Бұған не себеп?
«Өнеркәсіп секторында да бәсеңдеу байқалды. 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында өсім 3,8% жыл болған. 2024 жылы ол 2,8%-ға дейін төмендеді. Тау-кен өнеркәсібі 2024 жылдың алғашқы алты айында 0,3% өсті, бұл 2023 жылғы 3,7% жылдық өсімнен айтарлықтай төмен. Мұнай өндіру айтарлықтай төмендеді. Былтырғы жылдың алғашқы алты айында өсім 5,7%-ды құрады. 2024 жылдың осы кезеңінде 1,6% төмендеді», – деп түсіндірді Halyk Finance сарапшысы Ақбөбек Ахмедярова.
Сарапшының айтуынша, Қазақстанның өнеркәсіп секторы 2024 жылдың алғашқы алты айында негізгі өңдеуші салаларда әртүрлі өсу үрдістерін байқатты. 2024 жылдың 6 айындағы өңдеу өнеркәсібінің өсімі 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (3,5%) жылдамдап, 5,1%-ды құрады. Осылайша, машина жасау саласында өндіріс өсімі күрт өсіп, 9,4%-ға жетті. Бұл өсім 28,8%-ға жеткен 2023 жылдың алғашқы алты айындағы көрсеткіштен айтарлықтай төмен.
«Ол жоғары технологиялық сектордың баяулағанын көрсетеді. Металлургияда, керісінше, 2023 жылдың 6 айында -4,5%-дан 2024 жылдың 6 айында 8,3%-ға дейін қарқынды динамика тіркелді. Химия өнеркәсібі де бір жыл ішінде 3,5%-дан 5,3%-ға дейін өсті», – деп атап өтті маман.
Бұл ретте осы сататистиканы ескере отырып, Halyk Finance сарапшысы 2024 жылға арналған ЖІӨ өсімі бойынша болжамын 3,9% деңгейінде сақтап қалды.
«Үкімет 2024 жылдың қаңтар-сәуір айларына арналған деректерді әлі жарияламады. Бұл толық экономикалық жағдайды талдауды қиындатады. Дегенмен, 2024 жылдың алғашқы бес айында ЖІӨ өсімі бірінші тоқсандағы 3,8%-дан бір жылмен салыстырғанда 3,2%-ға дейін баяулады. Алты айдың ішінде бұл көрсеткіш аздап жақсарып, 3,3%-ға жетті. Дегенмен, бұл өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай төмен», – деп түсіндірді маман.
Оның пайымынша бұған Қазақстандағы инвестициялық белсенділіктің баяулауы ықпал етекен. Ал бұл өз кезегінде ел экономикасының дамуына қысым жасап жатыр
Еске сала кетсек, Ұлттық экономика министрлігінің хабалауынша, жыл басынан бергі 6 айда ел экономикасы 3,3% өсім көрсетті. Алайда биыл экономиканың өсу қарқыны былтырғымен салыстырғанда баяулаған. Оған көктемде Қазақстанның 10 облысын жайлаған су тасқыны мен мұнай өндірісінің қысқаруы себеп.