Lifestyle

Қазақстандық жас шахматшылар Батыс Азия чемпионатынан 9 алтын алып келді

шахматы
Жас шахматшылар 9 алын алып келді / Фото: ҚФШ

Қазақстанның жас шахматшылары Калутарада (Шри-Ланка) өткен жастар арасындағы VII Батыс Азия чемпионатында 23 медаль, cоның ішінде 9 алтын жеңіп алды.

Жас шахматшылар шахматтың рапид, блиц және классикалық түрі бойынша 9 алтын, 7 күміс және 7 қола медаль иеленді. 8 жасар Азалия Балақанова мен 16 жастағы Жәния Науанова елге екі алтынмен оралады.

Азияның 10 елінен (Бангладеш, Үндістан, Иран, Қазақстан, Моңғолия, Мальдив аралдары, Пәкістан, FID, Өзбекстан және Шри-Ланка) келген жас шахматшылар қатысқан жарыс алты жас санаты бойынша ұлдар мен қыздар арасында бөлек өткізілген.

Швейцариялық жүйе бойынша рапидтен 1-орынды Азалия Балақанова (G08), Жансая Шолпанбек (G10), Сұлтанбейбарыс Думанұлы (U16) және Жәния Науанова (G16) иеленген.

13 шілдеде қатысушылар алдымен классиканың 7-ші кезеңін өткізіп, одан кейін швейцариялық жүйе бойынша 9 раунд ойнап, блиц бойынша үздіктерді анықтаған, Жеңісті Альмир Альтаир (U08),Азалия Балақанова (G08) және Мария Холявко (G14) тойлады.

9 раундтық классикалық ойында Иманғали Ақылбай (U16) мен Жәния Науанова (G16) чемпион атанды.

Бұған дейін жас шахматшылар халықаралық спорт ойындарынан 1 алтын, 2 күміс медаль алып келген. Сонымен қатар Грузияда өткен шахматтан жасөспірімдер арасындағы әлем кубогында жеңіске жетті.