Жамбыл облысындағы орманның бір бөлігін Қорғаныс министрлігі пайдаланбақ
Жамбыл облысындағы орманның бір бөлігі Қорғаныс министрлігіне берілмек. Бұл туралы жер ресурстарын басқару комитетінің «Ашық НҚА» жүйесінде жарияланған қаулысында жазылған.
Қаулы бойынша Жамбыл облысындағы 5,3 мың гектар жер мен орман қорын өнеркәсiп, көлiк, ғарыш қызметі, қорғаныс, ядролық қауіпсіздік мақсаттарында пайдаланбақ. Белгіленген аумақты Қорғаныс министрлігінің қажеттіліктерімен жабдықтау үшін «Оңтүстік» аймақтық қолбасшылығы басқаратын болады.
Сонымен қатар министрлік орман шаруашылығы өндірісінің шығындарын мемлекеттік бюджетке өтеуге, сондай-ақ ағаштар кесілген жағдайда алаңдарды тазартуға және алынған ағаш бөліктерін мемлекеттік органдардың балансына беруге тиіс.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан екі жылдағы екі орман өртінен 384 млрд теңге шығынға ұшыраған.
2023 жылы Қазақстанда шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысында жаңа бағдарлама әзірленген.
6-тарау мен 22-баптан тұратын заң жобасының міндеті: Қазақстан Республикасының аумақтық қорғаныс жүйесіне қаржыландырудың тиісті көлемдерімен нығайтылған мемлекеттік сектордың жекелеген саласының форматын беру; мемлекеттік органдардың елдің аумақтық қорғанысын қамтамасыз етудегі функциялары мен өкілеттіктерін айқындау; аумақтық қорғанысты бейбіт және соғыс уақытында ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін айқындау; Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы саласында жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін бекіту; Қорғаныс министрлігіне Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы саласында мемлекеттік бақылау функцияларын бекіту; Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін нығайту деп көрсетілген.