Журналистердің Әдеп кодексін әзірлейтін қоғамдық-кәсіптік кеңес құрылады
Мәдениет және ақпарат министрлігі бұқаралық ақпарат құралдары қызметінің өзін-өзі реттеу мәселелері жөніндегі қоғамдық-кәсіптік кеңес құрады. Кеңес туралы үлгілік ереже «Ашық НҚА» порталына талқылауға шығарылды.
Кеңес бұқаралық ақпарат құралдарының қызметінде Әдеп кодексінің кәсіптік стандарттарының сақталуын қамтамасыз етеді.
«Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Үлгі ережені басшылыққа алады», – делінген құжатта.
Сонымен бірге кеңестің міндетіне Әдеп кодексінің және журналистердің мінез-құлқы кәсіптік стандарттарын ілгерілету кіреді. Солайша журналистердің кәсіптік деңгейін арттыруға ықпал ету көзделген.
Кеңес мынадай функцияларды орындайды:
- журналистерге арналған Әдеп кодексін әзірлеу;
- бұқаралық ақпарат құралдарының қызметіне байланысты даулар мен жанжалдарды қарау және шешу;
- өз қызметі туралы есептерді дайындау және жариялау мемлекеттік органдардың ресми сайтында орналастырылады.
Кеңесте төраға, төрағаның орынбасары және Кеңес мүшелері болады. Кеңес отырыстарын төраға басқарады. Ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары басқаруы керек.
Ал кеңес мүшелері жалпы жиналыста сайланады және әртүрлі бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық ұйымдардың, ғылыми мекемелердің және тәуелсіз сарапшылардың өкілдерін қамтуы мүмкін. Кеңес хатшысы жалпы жиналыста сайланады және ұйымдастырушылық функцияларды орындайды.
Кеңес мүшелері кеңес жұмысына белсенді қатысуы керек. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әдеп кодексі мен заңнамасының нормаларын сақтауы тиіс.
Кеңес мүшелері жеке мүдделілік оның Кеңес мүшесінің міндеттерін тиісінше орындауына әсер етуі мүмкін жағдайлардың туындауына жол бермеуі керек. Ал мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда шешімдерді бейтарап қабылдауға ықпал ететін немесе ықпал ету мүмкін мүдделер қақтығысы бар жағдайлар туындаған кезде Кеңес мүшелері бұл туралы кеңес төрағасын алдын ала хабардар етеді және мұндай шешімдерді талқылауға және қабылдауға қатыспайтыны айтылған құжат түсіндірмесінде.
Еске сала кетсек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Масс-медиа туралы» заңға 19 маусымда қол қойды. Жаңа заңға «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» және «Телерадио хабарларын тарату туралы» заңдардың негізгі ережелері енді. Аталған заңдар алдағы уақытта күшін жояды.