Қазақстанда мұнай өндірісіне құйылатын инвестиция көлемі 40%-ға азайған – Бірінші кредиттік бюро

Жарияланды
мұнай өндірісіне
Мұнай өндірісіне құйылған инвестиция көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 40%-ға төмен / Фото: kursiv.mediа

Мұнай өндірісіне инвестиция құю көлемі айтарлықтай азайған. Бұл салаға құйылған инвестициялар жарты жылда 1,1 трлн теңгеден аспаған. Бұл жайлы Ұлттық статистика бюросының деректеріне сілтеме жасай отырып, Бірінші кредиттік бюро хабарлады.

Бюроның мәліметінше, 2024 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша мұнай-газ секторындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар тұтастай алғанда 1,1 трлн теңгеден аз болған. Бұл салыстырмалы бағамен алғанда 2023 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштерден 40%-ға аз екен.

«Жалпы алғанда барлық көлем мұнай өндірісіне тиесілі. Мұнда жалпы көлемнің 99,7%-ы туралы айтып отырмыз. Яғни жалпы сандардың төмендеуіне осы көрсеткіштер себеп. Бір жыл бұрын көрсеткіштер 1 триллион 700 миллиард болса, қазіргі көрсеткіштер 1 триллион 86 миллиард теңгені құрайды. Бұл – соңғы 7 жылдағы ең төменгі көрсеткіш. Мұнда біз күрделі инфляцияны есепке алмаймыз»,  – делінген бюро хабарламасында.

Негізінен мұнай өнеркәсібіне құйылған инвестицияның басым бөлігі Атырау облысының үлесіне тиген.

Еске сала кетсек, Бірінші кредиттік бюро 2023 жылдың қорытындысында шикі мұнай өндіруге 3,5 трлн теңге инвестиция тартылғаны туралы жазған. Онда инфляцияға енгізілген түзетуге сәйкес, 2022 жылмен салыстырғанда құлдырау көрсеткіші 0,5%-ды құрағаны айтылған болатын.

Мұны Бірінші кредиттік бюро айтарлықтай төмен көрсеткіш емес екенін, бірақ әдеттен тыс жағдай деп бағалады. Пандемия кезеңін ескермегенде соңғы 10 жылда Қазақстанда мұнай өндіруге салынатын инвестиция азайған емес.

Сондай-ақ оқыңыз