Қырғызстанда бақсы-балгерлердің қызметін жарнамалауға тыйым салынатын заң қабылданды

Жарияланды 19 Шілде 2024 13:50

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

General News бөлімінің редакторы a.tolendi@kursiv.media
Қырғызстанда емшілер қызметін жарнамалауға тыйым салынды / коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қырғызстанда сиқыршы, емші, бақсы-балгерлердің қызметін жарнамалауға тыйым салынатын заң жобасы қабылданды.

«Президент Садыр Жапаров 2024 жылғы 12 маусымда Жогорку Кенеш қабылдаған «Жарнама туралы» заңға өзгерістер енгізу туралы жобаға қол қойды», – делінген қырғыз басылымдарының жазбасында.

Ақпаратқа сүйенсек, қабылданған заңда мистикалық қызметтерді және оларды ұсынатын адамдарды жарнамалауға тыйым салу көзделген.

Ззаңның негізгі мақсаты – табыс табу үшін белгілі бір мәселелерді шешуді ұсынатын қандай да бір жасырын, сиқыр немесе өзге де тәсілдермен қызмет көрсету саласының қызметін тоқтатып, азаматтардың санасын улауға жол бермеу.

Бұған дейін заң жобасының авторлары «Жарнама туралы» заңның 16-бабына сәйкес құқық бұзушылық туралы кодекс бойынша жауапкершілікке әкеп соғатын тауарлардың жекелеген түрлерін жарнамалаудың ерекшеліктері туралы ұғымдар бар екенін хабарлаған. 

Бастамашылардың айтуынша, заңда ұсынылған емші қызметтері туралы бөлік жазылмаған. Жаңа толықтырулар осы ұғымдарды нақтылайды.

Айта кетейік, 2024 жылы наурыз айында Қырғызстан министрлер кабинетінің басшысы Ақылбек Жапаров қызметтік іс-сапарға бизнес-класпен ұшуға құқылы лауазымды тұлғалардың тізімін бекіткен болатын.

Ақылбек Жапаров 2024 жылы 22 ақпандағы №66-өкіміне қол қойды. Шешім Қырғызстан мемлекеттік бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік органдарға бөлінетін бюджет қаражатын ретке келтіру және ұтымды пайдалану үшін қабылданған. 

Сондай-ақ оқыңыз