Банк пен қаржы

«Самұрық-Қазына» қорының кірісі 4%-ға немесе 15,4 трлн теңгеге дейін артты

Осылайша «Самұрық-Қазына» мемлекет бюджетіне 1,5 трлн теңге дивиденд аударған / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

«Самұрық-Қазына» АҚ кірісі 2023 жылдың қорытындысы бойынша 15,4 трлн теңгеге ұлғайды. Бұл туралы елордада өткен брифинг барысында белгілі болды. Қордың Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директор Айдар Рысқұловтың айтуынша, 2023 жылғы қорытындылары бойынша АҚ компанияларының кірісі 4%-ға өскен. Активтер өткен жылмен салыстырғанда 10%-ға артты.

Бұған топтың бірқатар негізгі өндірістік көрсеткіштерінің өсуі әсер етті:

  • Уранды өндіру көлемі 18,1 мың тоннаны құрады (бұл өткен жылғы көрсеткіштен 10,4%-ға артық). «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кірісі айтарлықтай өсті;
  • «ҚТЖ» ҰК» АҚ теміржол арқылы жүк айналымының көлемі 262,4 млрд тонна/км құрады (өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 7%-ға артық). Транзиттік жүк пен импорттық жүкті тасымалдау көлемі өсті, яғни бұл кіріс мөлшеріне оң әсерін тигізді;
  • QazaqGaz табиғи газды өндіру көлемі 24,1 млрд м3 құрады және өткен жылдың көрсеткіштері 1,4 млрд м3 асып түсті;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі 23,5 млн.тонна деңгейіне жетті. Бұл 2022 жылғы көрсеткіштерден 6,8%-ға жоғары. Алайда, ҚМГ қызметінің нәтижелеріне мұнай бағасының айтарлықтай төмендеуі айтарлықтай әсерін тигізді.

Осылайша «Самұрық-Қазына» мемлекет бюджетіне 1,5 трлн теңге дивиденд аударған.

«Қор Үкіметтің пайдасына төлемдерді ұлғайту жұмыстарын жалғастыруда. Қордың дивидендтік саясатына сәйкес жыл сайынғы төленетін дивидендтердің мөлшері Қор портфельдік компаниялардан алатын дивидендтердің 50%-ын құрайды. Бұл ретте 2023 жылдың қорытындысы бойынша бұл норма асыра орындалды. Үкіметке Қор алған дивидендтердің 78%-ы жіберілді», – деді спикер.

2023 жылдың қорытындысы бойынша дивидендтер көлемі шамамен 513 млрд теңгені құрады. Бұл ретте «Самұрық-Қазына» АҚ 2023 жылы акционердің пайдасына – 1,5 трлн теңгеге жуық рекордтық соманы төледі.

Еске сала кетсек, «Самұрық-Қазына» қорының шоғырландырылған таза пайдасы 2023 жылдың қорытындысы бойынша 10,3%-ға азайып, 2,12 трлн теңгені құрады. Бұл туралы компанияның Қазақстан қор биржасына (KASE) ұсынған шоғырландырылған  есебінде жазылған.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің 8 жыл ішінде «Самұрық-Қазына» қорының активтері жыл сайын 1,8 трлн теңгеге құнсызданғанын хабарлады.