«Қазақстанды шахмат державасы ретінде таныту маңызды» – Тимур Турлов KazChess-ті дамыту жоспары туралы баяндады
KazChess/Қазақ шахмат федерациясының (KCF) президенті Тимур Турлов отандық шахмат ойынын дамытуға байланысты жоба-жоспары туралы айтты. 20 шілде – Халықаралық шахмат күні қарсаңында федерация басшысы бірінші жартыжылдық қорытындысымен бөлісті.
«Өткен жылдан бастап біз KazChess-ті қарқынға қарқын қосып, бірнеше жаһандық турнирді өткіздік. Қазақстан шахмат федерациясының жұмысында екі параллель бағыт болды: ішкі және сыртқы. Ел ішінде аймақтық бөлімшелерді ашып, таланттарды іздеп, қолдау көрсеттік, спортшылармен байланыс орнаттық; ал сыртқы жұмыс жаһандық аудиторияға арналған – біз екі әлем чемпионатын Астана мен Ақтауда өткіздік. Халықаралық аудиторияның осы турнирлерге назар аударуы еліміздің әлемге танылуына оң әсер етті. Бұл Қазақстанды шахмат державасы және әлемнің зияткерлік орталықтарының бірі ретінде таныту үшін маңызды», – деді Тимур Турлов.
Ол былтыр отандық шахматшылар 116 медаль жеңіп алғанын, оның ішінде командалық біріншілікте күміс пен қола жүлде алғанын атап өтті. 2024 жылы қазақ шахматшылары халықаралық жарыстарда 65 медаль ұтты.
«Бұл сандардың артында бірнеше ай бойы өткен тынымсыз дайындық жұмысы, жаттықтырушылар мен ата-аналар және ҚФШ қолдауы бар. 2024 жылдың маусым айының басында Алматыда жастар арасындағы Азия чемпионатын өткіздік. Оған қатысушылардың саны рекордтық деңгейде 650 адам жиналды. Шара Азия шахмат федерациясының мұрындық болуымен өтті және әріптестеріміз жоғары баға берді», – деп қосты федерация президенті.
ҚФС басшысы ерекше назар аударуға тұрарлық жетістіктерге тоқталды.
«Мен 20 жасқа дейінгі әлем чемпионатында ең мықты қарсыластарын жеңген Қазыбек Нөгербектің жеңісін ерекше атап өткім келеді. Жастарымыз 1998 жылдан бері классикада мұндай жетістікке жете алмағандықтан, оның жеңісі – қазақ шахматының шежіресіндегі жаңа парақ. Бұл оқиғаны бірге жазып жатқанымыз жақсы», – деді Тимур Турлов.
Оның айтуынша, KazChess үшін 2024 жылды жас қазақстандықтардың жеңісті жолдарына байланысты «жастар жылы» деп атауға болады. Алматыда өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында олар әртүрлі номинация бойынша 12 алтын, 8 күміс және 5 қола медаль жеңіп алды.
«8 жасар Алиша Бисалиева рапидтен, 13 жастағы Айару Алтынбек классикадан мектеп оқушылары арасында әлем чемпионы атанды. Классикадан әлем чемпионатында алтын медальді 8 жасар Ризат Ұлан, 10 жасар Нұрәлі Болашақов және Милана Филиппова жеңіп алды. Ал Калутара қаласында (Шри-Ланка) өткен жастар арасындағы 7-Батыс Азия жастар чемпионатында біздің балалар рапид, блиц және классикадан 9 алтын медаль жеңіп алды. Биыл жыл басында жас таланттарды қолдау бағдарламасын іске қосқан кезде, шынын айтқанда, осылай тез нәтиже көрсетеміз деп ойлаған да жоқпыз», – деп қосты федерация президенті.
Турлов шахматты мектеп бағдарламасына енгізу өз жемісін бере бастағанын атап өтті.
«Мектептерде шахматты дамыту біз үшін өте маңызды жоба және біз оны түпкілікті қолға алғанымызға қуаныштымыз. Былтыр ҚФШ бастамасымен Үкімет Қазақстан Республикасында шахматты дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарын қабылдады. Оқу-ағарту мен Ғылым және жоғары білім министрліктерімен бірлесе отырып, ауқымды жұмыстар бастадық. 2027 жылға қарай федерация шахматты 1,5 мың мектепте факультативтік оқу пәні ретінде енгізуді жоспарлап отыр. Бізде әдеттегідей бұл сандар әлдеқайда көбейетініне сенімдімін. Қазірдің өзінде еліміздің 7 аймағындағы 42 мектептің бастауыш сыныптарында курстың ұйымдастырылуын қолдау мақсатында пилоттық бағдарлама іске қосылды», – деді Турлов.
Содан кейін ол әлеуметтік желілерде KazChess Гиннестің рекордтар кітабына лайықты шараға қатысқаны туралы жазбаларға пікір білдірді.
Шынында да, Халықаралық шахмат күні жыл сайын 20 шілдеде тойланады. Бұл күні FIDE-ге мүше барлық елдерде тақырыптық іс-шаралардың барлық түрлері өтеді. Ал биыл FIDE өзінің 100 жылдығын тойлағанда бұл күн ерекше болмақ: ұйым 24 сағат ішінде ең көп ойналған шахмат ойындары бойынша Гиннестің рекордтар кітабына енуді көздеп отыр. Қала көшелерінен цифрлық ареналарға, сыныптардан үлкен залдарға дейін бүкіл әлем шахмат тақтасына айналады. Бұл тарихи оқиғаға Қазақстан да өз үлесін қосатыны сөзсіз. 20 шілдеде барлық облыс орталығы мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің қолдауымен бір уақытта кемінде 2 мың адам шахмат үстеліне отырады. Ал Алматы қаласы басты ойындар өтетін орталық болып есептелінеді, онда жүлде қоры 2 миллион теңгені құрайтын KazChessFest блиц-турниріне 1000 шахматшының қатысады», – деді KazChess президенті.
Федерация басшысы шахмат ойнаудың маңызы туралы ой бөлісті.
«Білесіз бе, бүгінде біз Қазақстанда шахматты дамыту мен барлық уақытта салған ең жақсы инвестицияның бірі деп айта аламыз. Мен мұны капиталдандыру деңгейі 5 миллиард долларға жуық холдингті басқаратын кәсіпкер ретінде айтып отырмын. Өзіңіз бағалаңыз: инвестицияланған қаражат бірден медальдар мен жеңіс тұғыры секілді айқын да нақты нәтижеге айналған жоқ па? Қазақстандағы адам капиталы инвестиция салуға арналған басым бағыт деген уәжге сенімім нығая түсті», – деді Турлов.
Ол федерацияға кіргеннен кейін ерекше шабыттанғанын жасырмады.
«Қазақстанда шахматпен айналысатын әрбір адам – жаттықтырушылар, спортшылар және олардың ата-аналары – өз қадірін біледі, істің мәнін анық түсінеді және адамдарды сөзбен емес, іспен бағалайды. Қазіргі уақытта федерация шахмат қауымдастығының үлкен қолдауын сезініп отыр. Бізді балаларымыз бен тәлімгерлеріміздің жетістігі арқасында Қазақстанды әлемдік шахмат державасына айналдыру керек деген ұлы миссия біріктіргесін, дәл осындай ғаламат нәтижеге жетіп отырмыз. Бұл керемет нәтиже, мұндай маңызды міндеттер өмірімізді мағыналы ете түседі және алға жылжу үшін жігерлендіре түседі. Маған сеніңіз, бұл бастамасы ғана, негізгі жеңістер әлі алда!» – деп түйіндеді Тимур Турлов.