Мәдениет министрлігі қазақстандықарға көліктен бір күнге бас тартып жаяу жүруге шақырды

Жарияланды 19 Шілде 2024 10:17

(жаңартылды 19 Шілде 2024 10:33)
Азамат Серікхан

Азамат Серікхан

General News бөлімінің аға тілшісі a.serikkhan@kursiv.media
Минкульт предложил казахстанцам провести «день без автомобиля» и ходить пешком
Акцияға қатысушыларға қоғамдық көлікпен, велосипедпен, скутермен немесе жаяу жүруге кеңес берілді / Фото: unsplash.com

Мәдениет және ақпарат министрлігі 22 Шілдеде «автокөліксіз күн» челленджін өткізбекші. Аталмыш іс-шара экологияны қолдау мақсатында және «Таза Қазақстан» акциясы шеңберінде, ұйымдастырылып отыр.

Мәдениет министрлігі қазақстандықтарға 22 шілдеде көліксіз жүруге шақырды. Бұл күні челленджге кез-келген адам қосыла алады.

«Ол үшін қатысушылар күні бойы көліктен бас тартуы керек. Ұйымдастырушылар қоғамдық көлікпен, велосипедпен, скутермен немесе жаяу жүруге кеңес береді»,- делінген хабарламада.

Акцияға қатысқысы келетін қазақстандықтар әлеуметтік желілерде #Автокөліксізкүн хэштегін және ұйымдастырушылардың Instagram-аккаунтын белгілей отырып, көліксіз қозғалыстарының фотосуреттерін немесе бейнелерін бөлісіп жариялауы тиіс.

Идеяның негізі мақсаты көліктен бір күнге бас тарту және соның арқасында ауаның ластануына, улы газдардың бөлінуін мейілінше азайтуға мүмкіндік беру.

Әлемнің ең лас қалалары рейтингінде Астана 74-орында тұр. Астананың ауа сапасының индексі 27-ге тең. Мұндай көрсеткіш «жақсы» деп бағаланады. Бас қаламыз солайша 74-ші орынға жайғасқан. Бір қызығы, ең таза қалалар рейтингінде Астанамыз 45-ші орынға орналасқан.

Сондай-ақ оқыңыз