Lifestyle

Дала халқында тұтқынға түскен әйелдің тағдыры: Qalam-ның апта таңдауы

Qalam-ның апта таңдауы / Фото: shutterstock, бильд-редактор Артур Алексеров

Демалысты пайдалы әрі қызықты өткізу үшін, тарих пен мәдениетке арналған Qalam порталында жарияланған материалдар топтамасын ұсынамыз. Осы аптада: Дала халқында тұтқынға түскен қыз-келіншектердің тағдыры қандай болды, ағылшын әйелдері шынымен көжек туған ба? Ең көне пошта қызметі, ең тылсым түс туралы мақалалар мен апта петроглифіндегі қолы үлкен антроморфты адам.

Тұтқынға түскен әйелдің тағдыры

Даланың тұтқынға түскен қыз-келіншектері/Dall-e

Отырықшы халық арасында соғыс кезінде тұтқынға түскен қыз-келіншектерге зорлық-зомбылық пен қатыгездік жасау үйреншікті болса, дала халқында жағдай мүлде басқаша болғанға ұқсайды. Дала халқына қатысты мифтерге Зира Наурызбайдың материалы.

Ағылшын әйелдері қалайша көжектерді дүниеге әкелді

Уильям Хогарт. Қояндарды дүниеге әкелген әйел. Шарж. 1726/Alamy

Еуропа медицинасы 19 ғасырға дейін антикалық дәрігерлердің беделін мызғымастай санап келгенін ескерсек, олардың еңбегінен алынған әйел ағзасымен оның функциялары туралы қиял-ғажайып мәліметтердің мың жылдан астам уақыт бойы бұлжымас факт ретінде қабылданғаны таңғалдырмайды. Ал көжектерді дүниеге әкелген әйелдер туралы толығырақ материалдан оқыңыз.

Көгершін поштасы

Миклош Барабаш. Көгершін поштасы (1843))/Wikimedia Commons

Олар хат тасумен ғана емес, соғыс кезінде адамға таптырмас көмекші болған, қаһарман атанған тіршілік иесі, мыңдаған шақырымды ұшып өтетін қасиеті бар көгершіндер тек 

пошташы қызметін атқармағаны анық. Көгершіндер туралы толығырақ материалымызда.

Ең тылсым түс

Н.К. Рерих. Күзетші «Мұзды сфинкс». 1938 / халықаралық Рерих орталығы

Қазақ тілінде көп мағыналы сөздер жетіп артылады, бір сөздің сан алуан мағынасы филология саласының білгірлерін де таңғалдырып жататыны бар. Сол сөздерді зерттей отырып қазақтың, тіпті түркі әлемінің этногенезін танып, тереңіне бойлаймыз. Бүгін біз қазаққа ғана түсінікті «КӨК» сөзі туралы айтамыз.

Қол үлкен болса, жомарт болғаны ма?

Ешкіөлместегі Қолы үлкен құдай тектес бейне/Oльга Гумирова

Неге ғалымдар бұл петроглифте Құдай бейнеленген деп санайды? Аналогия бойынша бұл петроглиф шумерлердің, ежелгі мысырлықтардың және ассириялықтардың суреттеріне ұқсас. Бұл мәдениеттерде мәртебесі жоғары кейіпкерлер басқалардан өлшемімен ерекшеленеді — құдайлар адамдардан үлкен, патшалар өз қызметшілерінен үлкен, ал өлгендер тірілерден үлкен етіп бейнеленген.

Сонымен қатар өткен апта таңдауына да көз жүгіртіп өтіңіз.