Өнеркәсіп министрлігі аяқ-киімді таңбалау ережесіне өзгеріс енгізбек

Жарияланды (жаңартылды )
обувь
Таңбалауды жүргізетін қоймаларға қойылатын талаптар енгізілмек / Фото: shutterstock

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі аяқ киімді таңбалау ережелеріне өзгеріс енгізеді. Бұл жайлы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Жаңа ережелерге сәйкес, импорттаушылар тауарды кедендік рәсімдеуден өткізгеннен кейін, таңбалауды жүргізетін қоймаларға қойылатын талаптар енгізілмек.

Осыған дейін, импорттаушылар тауарларды өз қоймаларында жүргізіп келген және оларға қатысты ешқандай талаптар қойылмаған. Ал таңбалау ережелерінің жаңа редакциясында Data Matrix кодтарын енгізу Қазақстан аумағында орналасқан арнайы бекітілген қоймаларда жүргізілуі керек.

«Егер қойма сәйкестік тексерісінен өтсе, онда бекітіліген қойма үй-жайларының тізіміне енгізіледі», – делінген хабарламада.

Ал осыған дейін аяқ киім импорттаушылары таңбаланған өнімді тікелей өндірушіден алып келген немесе кеден қоймаларында кедендік ресімдеуге дейін таңбалап алатын болған.

Айта кетейік, нарықта аяқ киім өнімдерінің көлеңкелі айналымы көп болуына байланысты министрлік аяқ киімді таңбалау мен қадағалау енгізілген болатын. Қазақстанда аяқ киімді міндетті таңбалау және қадағалау 2021 жылғы 1 қарашадан бастап енгізілді. Осыдан кейін таңбаланбаған тауарларды өндіруге және импорттауға тыйым салынды. Бұл ретте бизнеске 2023 жылғы 1 сәуірге дейін таңбаланбаған аяқ киім қалдықтарын сатуға рұқсат түрінде жеңілдіктер берілген болатын.

Тәуелсіз сараптамалық зерттеулерлерге сәйкес, еліміздегі көлеңкелі аяқ киім нарығы таңбалауға дейін барлық тауардың 48,5%-ын құраған.

Сондай-ақ оқыңыз