Жаңалықтар

Тоқаев Руанда президентін сайлаудағы жеңісімен құттықтады

кагаме
Руанда президентіне 7,1 млн халық дауыс берген / Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауда жеңіске жеткен Руанда президентіне құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл жайлы Ақорда хабарлады.

«Қасым-Жомарт Тоқаев Поль Кагамені Руанда Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтап, елінің өркендеуі жолындағы бастамаларына табыс тіледі»,- делінген Ақорда хабарламасында.

Руанда президенті Пол Кагаме осымен төртінші мерзімге қайта сайланып отыр. Ол енді алдағы жылға дейін елге басшылық етпек. Республиканың Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, бюллетеньдерді санағаннан кейін ол 99,15% дауыс жинаған. Оған 7,1 млн халық дауыс берген.

Руанда басшысы 2017 жылғы сайлауда да 99% дауысқа ие болған.

Ал Руанда — Шығыс Африка мемлекеті. Бұл мемлекет ұрлықтағы халқы ең тығыз орналасқан елдердің бірі. Онда 26,3 мың шаршы километр аумақта 13,2 млн адам тұрады.