QJ League жұлдыздары «Црвена Звезда» академиясын 2:0 есебімен жеңді

Жарияланды
QJ League – Қазақстанның жастар футбол лигасы/ фото: instagram.com/qjleague

20 шілде күні QJ лиганың жұлдыздарынан құралған құрамасы достық кездесуде сербиялық «Црвена Звезда» академиясының қатарластарын жеңіп, жанкүйерлерін қуантты. Бұндай матч ойыншылар үшін, сонымен қатар екі командадан да болашақ футбол жұлдыздарын шығаруға мүмкіндік береді.

Ойынның алғашқы минуттарынан-ақ QJ League командасының шабуылшылары белсенді ойнап, бірнеше қауіпті шабуылдар жасады. Алайда жанкүйерлер голдарды ойынның соңына қарай ғана көре алды. Ойынның соңғы минуттарында QJ League командасы қатарынан екі гол салып 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Шабуылшы Дастан Сатпаев пен Азамат Тұяқбаев гол салып матчтың басты жұлдыздарына айналды.

Матч соңында QJ League U18 командасының бас жаттықтырушысы Асқар Кельджанов ойыншылардың өнеріне жоғары баға берді.

“Бұл матч QJ League U18 командасы үшін үлкен тәжірибе болды. Ойыншылар халықаралық деңгейде өздерінің қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік алып, болашақта үлкен футболдағы жетістіктерге жетуге ынталандырады.
«Црвена Звезда» академиясымен болған достық кездесу Қазақстан футболы үшін де маңызды оқиға болды. Мұндай кездесулер жастарды шыңдап, олардың спорттық дамуына ықпал етеді», – деді Асқар Кельджанов.

Сондай-ақ оқыңыз