Жаңалықтар

Испанияда НАТО құрамындағы елдерге кибершабуыл жасаған хакерлер ұсталды

kursiv.media

Испанияда НАТО құрамындағы елдерге кибершабуыл жасады делінген үш күдікті ұсталды. Бұл жөнінде Испания ішкі істер министрлігінің азаматтық гвардиясы ақпарат таратты.

Полиция хакерлерді тұтқындау операциялары Майорка аралы мен Уэльва және Сильви қалаларында жүргізілді. Олардың NoName057 (16) қылмыстық тобына қатысының бар-жоқ екені анықталуда. Аталған хакерлік топ Украинаға басып кірген Ресейге көмектеседі.

Қазіргі уақытта хакерлердің үйлеріне тінту жүргізілді. Хакерлер Украина үшін маңызы зор мемлекеттік мекемелердің, инфрақұрылымдардың қызметін тоқтатуды мақсат еткен кибершабуылға атсалысқан.

DW басылымының жазуынша, Еуропалық киберқауіпсіздік агенттігінің (ENISA) басшысы Йохан Лепассар 2024 жылдың бірінші тоқсанында ЕО инфрақұрылымына кибершабуылдар саны 2023 жылдың соңғы тоқсанындағыдан екі есе жиілегенін айтқан.

CrowdStrike антивирусын жаңарту кезінде Windows операциялық жүйесінде пайда болған  ақау 8,5 миллион құрылғыға әсер етті. Windows басқаруындағы компьютерлер «сыр беріп», дүние жүзі бойынша компаниялардың қызметі тоқтап қалды.