Алаяқтар мессенджерден Алматы әкімінің атынан хат жолдап жатыр

Жарияланды
Мессенджерден Алматы әкімінің атынан ақша аударуды сұрайтын хат жібрілуде/ фото kursiv.media архивінен

Алаяқтар Алматы қаласы әкімінің атынан мессенджерден жалған хабарламалар жолдауда. Қала әкімдігі осыны тұрғындарға ескертіп, ресми хабар таратты.

«WhatsApp мессенджердегі жалған хабарламаның тарауына байланысты Алматы әкімі Ерболат Досаевтың атынан келген мұндай хабарламаға жауап бермеуіңізді және сенбеуіңізді сұраймыз. Күмәнді сілтемелерге кірмеген және ақша аудармаған жөн. Бұл сіздің қаржыңызды заңсыз жолмен алу мақсатында жасап отырған интернет-алаяқтардың тірлігі», – делінген әкімдік хабарламасында.

Алаяқтар әлеуметтік желілерде Ұлттық банктің жалған парақшасын ашып, қазақстандықтарға вирустық бағдарламалар бар фишинг хаттар жіберуде. Ұрылар шенеуніктердің жалған парақшалары арқылы тұрғындарды алдауға әуес.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның атынан да танымал тұлғаларға жалған хабарламалар келіп түскен. Мәдениет министрлігі мұндай оқиғалар қайталанса, полицияға жедел хабарласуды ұсынды.

Сондай-ақ оқыңыз