«Алматы жастары» ипотекалық бағдарламасына өтінім қабылдау басталады

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Бағдарламаға құжат қабылдау 2024 жылы 29 шілде мен 7 тамыз аралығында өтеді / архив kursiv.media

Оңтүстік астанада мегаполис жастарын баспанамен қамтуға арналған «Алматы жастары» бағдарламасына құжат қабылдау басталады. Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы 2024 жылы 29 шілде мен 7 тамыз аралығында тұрғын үй сатып алуға қажетті жеңілдетілген несие жобасына өтінімдер қабылдайды. Ипотекалық бағдарламаға 35 жасқа дейінгі жастар қатыса алады.

Биыл 1200 адамды баспанамен қамту жоспарланған.

Бағдарламаға қатысу үшін өтінімді www.almaty-zhastary2024.kz сайты арқылы беруге болады. Бұл үшін электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қажет.

Бағдарлама аясында несие беру шарттары:

  • Қарыздың ең жоғары сомасы – 18 млн теңгеге дейін;
  • Пайыздық мөлшерлеме – 5%;
  • Бастапқы жарна – 10%;
  • Бастапқы және қайталама тұрғын үй алу мүмкіндігі;
  • Қамту – ең кемі 1200 адам.

Қатысуға қойылатын негізгі талаптар:

  1. Қазақстан Республикасының азаматтығы;
  2. Өтінім беру кезінде өтініш берушінің және жұбайының (бар болса) Алматы қаласында тұрақты тіркеуі болуы;
  3. Өтінім беру кезінде қатысушы 35 жасқа толмауы керек, ал жұбайының (бар болса) жасы есепке алынбайды. Бағдарламаға негізгі қатысушы ретінде ерлі-зайыптының біреуі ғана қатыса алады;
  4. Қатысушының және оның отбасы мүшесінде меншік құқығында тұрғын үйдің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үй жағдайының әдейі нашарлауы фактісінің болмауы.
  5. Қатысушының Алматы қаласында ең кемі соңғы 6 ай бойы міндетті зейнетақы аударымы бар жұмыс өтілі болуы қажет. Атап айтқанда, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, ЖОО-лар және ҒЗИ, журналистер, әлеуметтік сала, құқық қорғау органдары, қалалық коммуналдық қызметтер және «Жұмыс істейтін жастар» бағдарламасы бойынша жалдаушылары (2019 жылы желтоқсан).

«Толығырақ ақпарат www.almaty-zhastary2024.kz сайтында жазылған. Анықтама телефоны: +7 (727) 225 14 57 (Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы)», – деп хабарлады Алматы әкімдігі.

Еске сала кетсек, 2023 жылы Алматы қаласы мәслихатының шешімімен жергілікті бюджеттен 17 млрд теңге бөлінген. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 2 млрд теңгеге артық еді. 2022, 2023 жылдары мыңнан астам жас аталған жоба аясында баспаналы болды.

Сондай-ақ оқыңыз