Қазақстан футбол премьер-лигасындағы ең қымбат ойыншы 1,2 млн еуроға бағаланып отыр

Жарияланды 22 Шілде 2024 11:36

(жаңартылды 22 Шілде 2024 11:37)
post.authors.0.name

Рауан Мутаир

коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Transfermarket сайтының соңғы мәліметтеріне сүйенсек, лигадағы ең қымбат ойыншы «Ақтөбе» клубының шабуылшысы Максим Самородов, оның нарықтағы құны 1,2 миллион еуроға тең.

Сонымен қатар Қазақстан футбол премьер-лигасында өнер көрсететін шетелдік легионер мен жергілікті таланттардың арасындағы «ең қымбат» футболшылар кімдер?

Табысы жоғары футболшылар бестігі :

  1. Максим Самородов (ФК «Ақтөбе») – 1,20 миллион еуро.
  2. Валерий Громыко (ФК «Кайрат Алматы») – 900 мың еуро.
  3. Ислам Машуков (ФК «Елімай Семей») – 900 мың еуро.
  4. Габи Кики (ФК «Ақтөбе») – 900 мың еуро.
  5. Артем Бесендин (ФК «Ордабасы») – 800 мың еуро.

Ұлттық құраманың жас ойыншысы Максим Самородов «Ақтөбе» сапында жақсы ойын мәнерін көрсетіп жүр, сондай-ақ соңғы уақытта “Ақтөбе» ойыншысына шетелдік клубтар қызығушылық танытып жатыр.

Қазақстан премьер-лигасы жоғары деңгейдегі ойыншыларды тарта отырып, өз деңгейін одан әрі көтеруді жалғастырып жатыр. Бұл лиганың халықаралық аренасында танымал болуына ықпал етеді және жергілікті футболдың дамуына серпін береді.

Бқған дейін Саpology сайты, Испания біріншілігінде ең көп жалақы алатын ойыншы – Барселонаның жартылай қорғаушысы Фрэнки Де Йонг екенін жазған. Нидерландиялық футболшы жылына 37,5 миллион еуро жалақы алады. Ал екінші орынға жылдық кірісі 33,3 миллион еуроға бағаланатын «Барселона» шабуылшысы Роберт Левандовский жайғасқан. Ал «Реал Мадрид» қатарына жаңадан қосылған Мбаппе жылына 31,3 миллион еуро жалақы алып, үздік үштікті түйіндеп тұр.

Сондай-ақ оқыңыз