Париж Олимпиадасындағы рекордтық көрсеткіш: 8,8 миллион билет сатылды

Жарияланды 22 Шілде 2024 12:09

(жаңартылды 22 Шілде 2024 12:29)
post.authors.0.name

Рауан Мутаир

Париж Олимпиадасына 8,8 миллион билет сатылды / cryptach.org, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Франция астанасына Париж қаласында өтетін Олимпиада ойындары басталмай жатып рекорд жаңартты. Олимпиадаға жалпы саны 8,8 миллион билет сатылып үлгерген.

Халықаралық Олимпиада комитетінің спорт директоры Кит Макконнеллдің айтуынша, жарыстарға 8,8 миллионнан астам билет сатылған.

«Бұл Франциядағы спорттық іс-шара үшін ең үлкен сома», – деді Макконнелл.

Бұған дейін ең көп билет 1996 жылы Атлантадағы ойындарға сатылған. Ол кезде спорт сүйер қауым 8,3 миллион билет алған.

Билеттердің құны қанша?

Париж Олимпиадасының ресми сайтының мәліметі бойынша бір билеттің орташа бағасы шамамен 101 еуро. Қазақстан ұлттық банкінің бүгінгі бағамына сәйкес оның құны шамамен 49 908 теңге болады. Бұл Олимпиада ойындарындағы ең арзан билет гольфке тиесілі, билеттің орташа бағасы – 24 Еуро (11 859 теңге).

Ал ең қымбат билеттер жеңіл атлетика спортында көрсетілген – 224 Еуро (110 687 теңге).

Әртүрлі спорт түрлеріне арналған билеттер бағасы:

  • Футбол – 24 еуродан – 300 еуроға дейін (11 859 – 148 242 теңге);
  • Бокс – 24 еуродан – 520 еуроға дейін (11 859 – 256 952 теңге);
  • Теннис – 30 еуродан – 420 еуроға дейін (14 824 – 207 538 теңге);
  • Ату спорты – 24 еуродан – 45 еуроға дейін (11 859 – 22 236 теңге).

Сондай-ақ билет бағасы таңдалған сектор мен орынға байланысты өзгеруі мүмкін. Ал ашылу салтанатына ең арзан билет 90 еуро, ал ең қымбаты 3850 еуро тұрады.

Айта кетейік, Париждегі Олимпида ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді.

Қазақстан құрамасы Париж 2024 жазғы олимпиадасына спорттың 25 түрінен 92 лицензия жеңіп алды. Ел намысын қорғауға 80 спортшы аттанды. Бұл көрсеткіш Олимпиада тарихында антирекорд болып тұр. Ең көбі 2008 жылы Бейжіңде 22 спорт түрінен 132 спортшымыз өнер көрсетсе, алдыңғы Токиода өткен Олимпиадаға 19 спорт түрінен 93 спортшымыз қатысты. Сондай-ақ биыл ауыр атлетика мен әйелдер арасындағы күрес бойынша бірде-бір спортшымыз жоқ.

Сондай-ақ оқыңыз