Студенттер енді жатақханаға өтінімді EGov.kz порталы арқылы бере алады

Жарияланды 22 Шілде 2024 16:22

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Жатақханаға өтінімді EGov.kz порталы арқылы беруге болады / коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Студенттерге жатақхана беру ережесі өзгерді,. Осыған қатысты Ашық «НҚА» порталында жатақханаларындағы орындарды бөлу туралы құжат жобасы жарияланды.

Енді бұрынғыдай өтінім беріп, арыз қалдырмайды. Өтініш ұялы телефондағы eGov.kz веб-порталы арқылы қабылданады.

Сондай-ақ студент жатақханадағы орынға өтініш бермесе де, оған мұндай қызмет қажет екенін анықтау үшін автоматты хабарлама жіберілуі мүмкін. Бұл хабарламаға 24 сағат ішінде жауап беру керек.

Сонымен қатар орындарды бөлудің басымдық тәртібіне де өзгерістер енгізу қаралған. Олар келесі санаттарды ескере отырып келесі басым тәртіппен бөлінеді:

  • Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары.
  • Мүгедектігі бар адамдар, ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедек болып табылатын адамдар, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша
  • Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын адамдар, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын адамдар, білім беру бойынша оқуға түскен ауыл жастары қатарындағы адамдар ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын бағдарламаларға, сондай-ақ қандастарға;
  • «Мәңгілік ел жастары-индустрияға!» жобасы бойынша оқитындарға («Серпін-2050»);
  • Бірінші курсқа қабылданған, президенттік, халықаралық және республикалық олимпиадалардың және (немесе) конкурстардың жеңімпазы немесе жүлдегері сертификаты бар білім алушылар, сондай-ақ білім беру мекемелерін үздік бітірген талапкерлер;
  • Бірінші курсқа қабылданған және білім беру ұйымы өткізген конкурстың немесе әңгімелесудің қорытындысы бойынша жоғары балл алған білім алушылар (балдар тең болған кезде білім алушының материалдық жағдайы ескеріледі);
  • Оқу, ғылыми және қоғамдық жұмыстарда жоғары нәтижелері бар жоғары курс студенттері қатарынан білім алушылар;

Айта кетейік, 2024 жылы 10 мың студентке арналған 27 жатақхана пайдалануға беріледі.

Мемлекет халықтың әлеуметтік осал тобына кіретін студенттердің жатақханада тұруын субсидиялауды жоспарлаған.

Сондай-ақ оқыңыз