Жаңалықтар

Апатты жағдайлар жиілеп кеткен: Көлік министрлігі Ан-2 ұшақтарын тексеретінін хабарлады

ан-2
Көлік министрлігі Ан-2 ұшақтарын тексереді / Фото: shutterstock

Арқалық пен Ақмола облысындағы апаттардан соң, Көлік министрлігі Ан-2 ұшақтары тексерілетінін хабарлады. Министрлік еліміздегі әуе апттарының жиілеп кеткеніне алаңдаулы.

«Қазақстанның авиациялық әкімшілігі ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің тапсырмасына сәйкес  авиациялық оқиғалардың қайталануын алдын алуға, оның ішінде компаниялардың қызметін тоқтата тұру, әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы сертификаттарының қолданылуын тоқтата тұру, заңнама талаптарын бұзған тұлғаларды әкімшілік жауапқа тарту шараларын күшейтеді», – делінген хабарламада,

Сондай-ақ ұшақ иелеріне ұшу жарамдылығын бағалау бағдарламасы бойынша Ан-2 үлгісіндегі барлық әуе кемесіне қосымша бағалау жүргізу бойынша нұсқаулар берілді. Оқиғалардың себеп-салдарын Көлік министрлігінің авиациялық оқиғаларды тергеу жөніндегі комиссиясы тексереді.

Мамыр айында Арқалықта АН-2 ұшағы суға құлаған еді. Арқалық пен Ақсұңқар арасында қатынайтын санитарлық ұшақ екпінді жел салдарынан аударылып кеткен. Санитарлық авиация бортында миокард инфарктісімен ауыратын науқас болған. 

21 шілдеде Ақмола облысында тағы да АН-2 ұшағы апатқа ұшырады. Ол «Бүркіт-Авиа» компаниясына тиесілі. Осы оқиға бойынша ҚР Көлік министрлігі авиациялық оқиғаны тергеу жөніндегі комиссия құратынын хабарлаған.