Жаңалықтар

Байден Украинаға қолдау көрсетуді Қаржы министрлігі мен мемлекеттік департаментке тапсырды

Джо Байден бірқатар өкілеттігін тапсырды / Фото: shutterstock

Джо Байден Украинаны қолдау туралы заң бойынша өз өкілеттігін АҚШ-тың қазынашылық және мемлекеттік департаменті басшыларына берді. Ақ үйдің хабарлауынша, өкілеттіктің бір бөлігі Ресей Федерациясының тыйым салынған активтеріне қатысты.

АҚШ президенті «Экономиканы қалпына келтіру және украиналықтардың мүмкіндіктері туралы» заңға сәйкес, өз өкілеттігін АҚШ-тың қазына министрі Джанет Йеллен мен мемлекеттік хатшы Энтони Блинкенге берген.

Джо Байденнің Ресейдің тыйым салынған активтерін тәркілеу мүмкіндігіне қатысты өкілеттіктерді беретіні белгілі болды. Онда осы құжат күші «меморандумда айтылған ережелермен бірдей немесе айтарлықтай сәйкес келетін кез келген болашақ үкімет заңдарының кез келген ережелеріне қолданылатыны» атап өтіледі.

Өткен аптада Джо Байден үшінші рет коронавирус жұқтырып алды. Ақ үй баспасөз хатшысы Карин Жан-Пьердің айтуынша, ауру жеңіл өткен.

АҚШ президенті коронавирус инфекциясына байланысты Лас-Вегаста жоспарланған конференцияға қатысқан жоқ. Байден Делавэрдегі үйде карантинде болды, сонымен қатар өз қызметін жалғастыра беретіні айтылды.

Апта басында Байденнің президенттік сайлауға қатыспайтыны белігілі болды. Ол өз орнына Камала Харристі ұсынды.

CNN ақпаратына сүйенсек, Байден бұл шешімді Демократиялық партия мен жалпы АҚШ мүддесі үшін қабылдағанын айтқан. Ол келесі аптада елге үндеу жасап, жағдайды егжей-тегжейлі түсіндіруге уәде берді. Сонымен қатар 2024 жылдың соңына дейін өзінің президенттік міндеттерін орындайтынын айтты.