Қазақстан кинематографистері Тимур Бекмамбетовтің жаңа киносына мемлекеттен 700 млн теңге бөлінетіне қарсы

Жарияланды 23 Шілде 2024 18:07

(жаңартылды 5 Тамыз 2024 11:57)
Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Кинематографистер Бекмамбетовтің фильміне 700 млн теңге бөлуге қарсы / коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Артур Алескеров

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы ұйымдастырған конкурста Тимур Бекмамбетовтің «Сапфир Операциясы» жеңіске жетті. Алайда қорытынды шыққаннан кейін, еліміздің бірқатар кинематографисі наразылық ретінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға ашық хат жолдады.

«Біз, Қазақстан кинематографистері, бұл жағдайға жанашырлықпен қарап, мемлекеттік бюджеттен бөлінетін ақшаны өзге елдің азаматтарына шашпай, сондай-ақ Ұлттық кино атағын біздің елімізге қатысы жоқ кинотуындылардың алуына қарсымыз», – делінген Асанәлі Әшімовтің қолы қойылған ашық хатта.

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы 18-20 маусым күндері аралығында Алматыда киножобалар питчингін өткізді. Конкурстың 2 кезеңі бойынша 87 жоба іріктелді. Талқылау аяқталғаннан кейін, Сараптама кеңесінің мүшелері дауыс берді. Осының нәтижесінде ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті 29 киножоба Сараптама кеңесінің оң қорытындысына ие болып отыр.

«11 шілде күні Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының сайтында конкурс нәтижелері жарияланды. Олардың арасында өзге Қазақстан азаматтары болып табылмайтын әріптестеріміздің эстетикалық және саяси күмәнді жобасы бар. Нақтырақ айтқанда, сценарий авторы Франция азаматы Рашид Нұғманов пен режиссер және продюсер, қазіргі таңда Израиль азаматы Тимур Бекмамбетовтің «Сапфир Операциясы» жобасы жеңіске жетті.

Осы орайда тағы бір маңызды жайт, 2012 жылдың басында қазақстандық тарап Бекмамбетов мырзаға «Қазақфильм» киностудиясымен бірлесіп «Алтын жауынгер» атты киножобаны әзірлеуге айтарлықтай бюджет бөлген, бірақ ол жобасы іске аспады. Тіпті жобаға жауапты кейбір басшылар мен шенеуніктер бүгінде бюджеттен ақша жымқырғаны үшін сотталған», – деді Қазақстан кинематографистері.

Айта кетейік, бұған дейін Казақфильмде болған даудан кейін «Алтын адам» мультфильмінен мемлекетке 84 млн теңге қайтарылды.

Сондай-ақ оқыңыз