Жаңалықтар

Қылмыс көп болатын елдер тізімінде Қазақстан Өзбекстан мен Ресейден төмен позицияға жайғасты

Қылмыс көп болатын елдер тізімінде Қазақстан 75-орында / Фото: Numbeo

Әлемдегі қылмыс көп болатын елдер тізімінде Қазақстан Ресей мен Өзбекстаннан төмен позицияға орналасты. Еліміз 146 елдің ішінен 75-орынға жайғасқан. 

Numbeo порталының 2024 жылдың ортасына арналған деректеріне сәйкес, қылмыс жасау бойынша Қазақстан 45 балл алған, қауіпсіздік рейтингі 54 балл.

Орта Азиядағы ең нашар көрсеткіш Ауғанстанда тіркелген – төртінші орын. Елдегі қылмыс индексі 75 балдан асқан. Қырғызстан 43-орында, қылмыс индексі 54 балл.

Аймақтағы ең қауіпсіз ел Өзбекстан 120-орында, қылмыс индексі небәрі 29 балл. Ресей 38 балмен 97-орынға жайғасқан. Тәжікстан мен Түрікменстан бұл тізімге кірмеген.

Әлемдегі ең қауіпті елдер: Венесуэла, Папуа Жаңа Гвинея мен Гаити. Ал Қатар, БАӘ және Андорра ең қауіпсіз елдер болып тіркелген.

АҚШ-тың Global Finance журналының жасаған рейтиңіне сәйкес Қазақстан Орта Азиядағы ең бай мемлекет болып танылды. Басылым рейтиңді жан басына шаққандағы ЖІӨ көлемі негізінде әзірлеген. Оған сәйкес Қазақстан ең кедей елдер тізімінде 128-орында тұр. Бұл тізімге 190 мемлекет енген. 

Қазақстанда жан басына шаққандағы ЖІӨ үлесі – 34 534 долларды құраған. Бұл көрсеткіштерге сәйкес ТМД елдері бойынша Қазақстанның алдында Ресей тұр. Көрші елдің жан басына шаққандағы ЖІӨ үлесі 38 292 долларды құрап, 131-орынға орналасқан.