Тоқаев Мәсімовке рақымшылық жасаудан бас тартты

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
масимов
Тоқаев Мәсімовке рақымшылық жасаудан бас тартты / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Аружан Махсотова

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекетке сатқындық жасағаны үшін сотталған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовке рақымшылық жасаудан бас тартты. Бұл туралы Informburo хабарлайды.

«Мәсімовке кешірім жасау актісін қолдану мүмкіндігін зерделеу қорытындысы бойынша комиссия президентке ұсыныс енгізіп, ол ұсыныспен келісті», – деп жазады басылым.

Айта кетейік, бұған дейін президент жанындағы комиссия Тоқаевқа ҰҚК-нің бұрынғы төрағасына рақымшылық жасаудан бас тартуды ұсынған болатын. Комиссия мүшесі, мәжіліс депутаты Марат Башимов «Курсивке» берген ақпаратында бұл ұсынысты президент қарап, келісу немесе келіспеу туралы шешім шығаратынын айтқан.

Тоқаевтың шешімі туралы өтініш авторы Мәсімовке хабарланған.

2024 жылдың 10 маусымында ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов Президенттен кешірім сұрап хат жазғаны белгілі болған.

2023 жылдың сәуір айында Астана соты Кәрім Мәсімовті мемлекетке опасыздық жасады, билікті күшпен басып алуға әрекеттенді, билікті және қызметтік өкілеттікті асыра пайдаланды деген айыппен 18 жылға бас бостандығынан айырды. Оның орынбасарлары Әнуар Садықұлов, Дәулет Ерғожин және Марат Осипов та бас бостандығынан айырылды.

2022 жылдың қаңтар айының басында ҰҚК комитеттің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов ұсталған еді. Оған қатысты қылмыстық іс «өте құпия» деп танылды. Кәрім Мәсімов Қазақстандағы Қаңтар оқиғасының басты ұйымдастырушысы деп танылды. Ол кезде құрбан болғандар 238 қазақстандық болатын.

Кәрім Мәсімов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің шешімімен Астанадағы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу изоляторында отыр.

Сондай-ақ оқыңыз