Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерінің үлесі артты ма?

Жарияланды (жаңартылды )
Business News бөлімінің тілшісі
2023 жылы осы кезеңдегі көрсеткіштер 3,35 млрд кВт/сағ болған / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Аружан Махсотова

2024 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша жаңартылатын энергия көздері объектілерінде өндірілген электр энергиясының көлемі 3,896 млрд кВт/сағат немесе Қазақстандағы жалпы өндірілген қуаттың 6,47%-ын құрады. Бұл туралы Энергетика министрлігі хабарлады.

2023 жылы осы кезеңдегі көрсеткіштер 3,35 млрд кВт/сағ және 5,8%-ды құрады.

3,8 млрд кВт/сағ-тан:

  • жел электр станциялары – 2,3 млрд кВтсағ;
  • күн электр станциялары – 974,9 млн кВтсағ;
  • су электр станциялары – 595,36 млн кВтсағ;
  • биоэлектр станциялары – 0,43 млн кВт/сағ.

Қазіргі уақытта республикада белгіленген қуаты 2 903,7 МВт болатын 148 ЖЭК нысаны (100 кВт-тан жоғары) жұмыс істейді:

– қуаттылығы-1 409,55 МВт жел электр станцияларының 59 нысаны;

– қуаттылығы-1 222,61 МВт күн электр станцияларының 46 нысаны;

– қуаты 269,785 МВт болатын 40 су электр станцияларының нысаны;

– қуаты 1,77 МВт болатын биогаз электр станцияларының 3 объектісі.

«2023 жылдың қорытындысы бойынша жалпы белгіленген қуаттылығы 495,57 МВт 16 ЖЭК объектісі пайдалануға берілді: Ақмола облысы мен Жетісу облысында жалпы қуаттылығы 437,1 МВт 12 ЖЭС, Алматы және Түркістан облыстарында жалпы қуаттылығы 3,7 МВт 2 СЭС және Түркістан облысында қуаттылығы 54,77 МВт 2 КЭС», – деп хабарлады министрлік.

Еске сала кетсек, 2018 жылдан бастап ЖЭК жобаларын іске асыру үшін іріктеу аукциондық тетік бойынша өтеді.

Дүние жүзінде электр энергиясының ең үлкен әрі негізгі көзі – көмір болып отыр. Энергия өндіруде көмірдің үлесі 2014 жылы 40,45% болса, 2023 жылы  35,51%-ға дейін түскен. Алайда үлесі түскенімен, оның электр энергиясын өндірудегі қуаты жылдан-жылға артып келеді.

Сондай-ақ оқыңыз