Жаңалықтар

Спортты дамыту дирекциясының басшысы 60 млн теңге жымқырғаны үшін сотталды

Спортты дамыту дирекциясының басшысы 5 жылға сотталды / Фото: Астана прокуратурасы

Олимпиада түрлері бойынша спортты дамыту дирекциясының басшысы 60 млн теңгеден астам бюджет қаражатын ұрлап, қарамағындағы қызметкерден 4 млн теңге көлемінде пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Астана қаласының прокуратурасы.

Прокуратора мәліметіне сүйінсек, Олар спорт залдарын тегін алу мүмкіндігі болса да, жалған шарт жасасқан. Сол арқылы жаттығуға бөлінген бюджет қаражатын жымқырған.

Сонымен қатар, басшымен бірге бюджет қаражатын ұрлауға көмектескені үшін Дирекция қызметкері де сотталды. Сот үкімімен әрқайсысына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салына отырып, басшы 5 жылға, қызметкері 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Астанада Олимпиадалық емес түрлер бойынша спортты дамыту дирекциясында жүйелі түрде бюджет ақшасы ұрланған. Мекеме жаттықтырушылары спортшылардың жүріп-тұруы мен тамақтануы туралы жалған есептер беріп, 40 миллионнан астам қаржыны қалталарына басқан.