Жаңалықтар

Тоқаев Мысыр президентін революция күнімен құттықтады

египет
Тоқаев Мысыр президентіне қазақастандықтар атынын құттықтау жеделхатын жолдады / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Денис Андреев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мысыр президенті Әбдел Фаттах Ас-Сисиге құттықтау жеделхатын жолдады деп хабарлайды Ақорда.

Президент жеделхатты Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Әбдел Фаттах Ас-Сиси мен мысырлықтарға жолдаған. 23 шілде күні Мысыр халқы ұлттық мейрам – Революция күнін тойлайды.

«Қазақстан мен Мысыр арасындағы ортақ рухани құндылықтар мен жан-жақты өзара ынтымақтастыққа негізделген дәстүрлі қатынастардың өрісі кеңейгенін зор ризашылықпен атап өтемін. Халықтарымыздың игілігі үшін екіжақты және көпжақты форматтардағы серіктестігіміз болашақта да өзінің жалғасын тауып, қарқынды дами беретініне кәміл сенемін», – деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдел Фаттах Ас-Сисидің жұмысына сәттілік пен табыс, ал бауырлас мысыр халқына құт-берекесінің арта түсуін тілеген.