Жаңалықтар

Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күн қатты ыстық болады

Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күн қатты ыстық болады / коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

25-27 шілде аралығында Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында күн қатты ыстық болады деп күтілуде. Ал батыс пен солтүстікте жаңбыр жауып жел тұрады.

«Қазгидромет» ақпаратына сүйенсек, оңтүстікте ауа температурасы +35+45℃ дейін, оңтүстік-шығыста +35+43℃ дейін жоғарылауы мүмкін. Батыста +23+33°С дейін, солтүстік-батыста +15+28°С дейін, солтүстікте +18+28°С дейін, орталықта +25+35°С дейін төмендейді, шығыста +25+37℃ дейін күн ысиды деп күтілуде.

Дегенмен агенттік ел аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауады деп болжайды.

«Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр, найзағай және желдің күшеюі күтіледі, ал қатты жаңбыр солтүстік-батыста, 25 шілдеде батыста, шығыста, 26-27 шілдеде солтүстігінде күтіледі», – делінген хабарламада.

Агенттік бұған циклонның ауысуы әсер етіп отырғанын жазады. Шілденің басында «Қазгидромет» Астана мен еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жариялаған. Еліміздің батыс бөлігінде қатты ыстық болса, шығыс, солтүстік және оңтүстік облыстарда жауын-шашын мен бұршақ жауады деп болжанған.