Freedom Bank басқарушы директоры цифрлық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Бұған дейін ол осы қызметті атқарған еді / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Аблайхан Оспанов Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болып тағайындалды.

Бұған дейін ол Freedom Bank-тің басқарушы директоры және цифрландыруға жауапты болды.

  • Бұған дейін ол 2019-2020 жылдары цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі;
  • 2017 – 2019 жылдары – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ-ның басқарма төрағасы;
  • 2016 – 2017 жылдары – «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары;
  • 2015 – 2016 жылдары – «Нұр Отан» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдауы меңгерушісі;
  • 2014 – 2015 жылдары – ҚР инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің Мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру басқармасының басшысы;
  • 2014 жылы – ҚР Байланыс және ақпараттандыру агенттігінің Электрондық қызметтерді және ХҚКО дамыту департаментінің директоры;
  • 2012 – 2014 жылдары – ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және ХҚКО қызметін үйлестіру комитеті төрағасының орынбасары;
  • 2011 – 2012 жылдары – ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің Ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат департаменті директорының орынбасары болды.

1986 жылғы 16 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «информатика» мамандығы, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Сондай-ақ оқыңыз