Lifestyle

Париж Олимпиадасында өнер көрсететін ең қымбат спортшылар мен құрамалар

Париж Олимпиадасында өнер көрсететін ең қымбат спортшылар / коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

24 шілде мен 9 тамыз аралығында Париж Олимпиадасы аясында ерлер арасындағы футбол турнирі өтеді. Дәстүр бойынша әр командада 23 жастан аспайтын ойыншылар өнер көрсетуі керек, тек әр құрама сапында 23 жастан асқан үш футболшы ғана ойнай алады. Kursiv.Media Олимпиада өнер көрсететін ең қымбат ойыншылар мен құрамалар тізімін ұсынады.

Transfermarkеt мәліметі бойынша, Олимпиада ойындарында өнер көрсететін ең қымбат ойыншылардың топ ондығы:

 1.⁠ ⁠Хулиан Альварес – 90 млн €
 2.⁠ ⁠Ашраф Хакими – 60 млн €
 3.⁠ ⁠Майкл Олисе – 55 млн €
 4.⁠ ⁠Кастель Лукеба – 40 млн €
 5.⁠ ⁠Алекс Баэна – 40 млн €
 6.⁠ ⁠Саму Омородион – 35 млн €
 7.⁠ ⁠Фермин Лопес – 30 млн €
 8.⁠ ⁠Билал Эль-Ханус – 30 млн €
 9.⁠ ⁠Кристиан Москера – 30 млн €
10.⁠ ⁠Пау Кубарси – 30 млн €

Сондай-ақ ең қымбат құрамалардың тізімінде алаң иелері Франция құрамасы көш бастап тұр.

 1.⁠ ⁠Франция – 411,60 млн €
 2.⁠ ⁠Испания – 370,30 млн €
 3.⁠ ⁠Аргентина – 247,55 млн €
 4.⁠ ⁠Марокко – 165,10 млн €
 5.⁠ ⁠США – 81,70 млн €
 6.⁠ ⁠Парагвай – 53,60 млн €
 7.⁠ ⁠Израиль – 51,85 млн €
 8.⁠ ⁠Украина – 30,85 млн €
 9.⁠ ⁠Узбекистан – 26,55 млн €
10.⁠ ⁠Япония – 22,60 млн €

Ерлер арасындағы Олимпиада бәсекесіне барлығы 16 ұлттық құрама қатысады. А тобында – Франция, АҚШ, Гвинея, Жаңа Зеландия; В тобында – Аргентина, Ирак, Марокко, Украина; С тобында – Өзбекстан, Испания, Египет, Доминикан Республикасы; D тобында – Жапония, Парагвай, Мали Израиль өнер көрсетеді. Әр топтан үздік шыққан екі команда жарыстың 1/4 финалдық кезеңіне шығады.

Айта кетейік, Париж-2024 Олимпиада ойындары аясында футбол матчтары бүгін 24 шілде күні басталады. «Qazsport» арнасы қатарынан төрт ойынды көрсетеді:

18:00 Өзбекстан – Испания
20:00 Мысыр – Доминикан Республикасы
22:00 Ирак – Украина
00:00 Франция – США

Ал ресми ашылу салтанаты 26 шілде күні Астана уақытымен 20:00 де басталады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы Париж-2024 жазғы олимпиадасына спорттың 25 түрінен 92 лицензия жеңіп алды. Ел намысын қорғауға барлығы 80 спортшы аттанды.

Сондай-ақ Париж қаласында өтетін Олимпиада ойындары басталмай жатып рекорд жаңартты. Олимпиадаға жалпы саны 8,8 миллион билет сатылды.