Еуразия аумағында бәсекеге қабілеттігін арттырмақ: Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына 600 мың еуро төлейді
Ұлттық экономика министрлігі «Ашық НҚА» порталына Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасын қаржыландыру туралы келісімге қол қою туралы құжатын орналастырды. Онда Қазақстанның ЭЫДҰ Жаһандық байланыстар Хатшылығының арнайы бағдарламасының қызметін 600 мың еуроға қаржыландыратыны жазылған.
«Қазақстан Республикасының Үкіметі ЭЫДҰ Жаһандық байланыстар Хатшылығы Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасының (бұдан әрі – ЕББ) қызметін жалпы сомасы 600 000 (алты жүз мың) еуроға қаржыландыруға келіседі», – делінген құжатта.
Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасының (ЕББ) қызметі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) саясатының стандарттарына және бәсекеге қабілеттігі мен оны арттыруға бағытталады.
Бұл сома үш кезеңге бөліп төленеді:
- 200 мың еуро мөлшеріндегі бірінші жарна осы Келісімге қол қойылған соң және ЭЫДҰ-дан тиісті шот алынғаннан кейін төленеді;
- 200 мың еуро мөлшеріндегі екінші жарна ЭЫДҰ-дан тиісті шот алынғаннан кейін 2025 жылғы 30 сәуірден кешіктірмей төленеді;
- үшінші 200 мың еуро мөлшеріндегі екінші жарна ЭЫДҰ-дан тиісті шот алынғаннан кейін 2026 жылғы 30 сәуірден кешіктірмей төленеді.
Құжатта жобаны қабылдау ЭЫДҰ-мен бұл бағдарламаны іске асыру жөніндегі ынтымақтастықты 2027 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімге жалғастыруға мүмкіндік беретіні жазылған. Бағдарлама шеңберінде Еуразиялық өңірде бәсекеге қабілеттілікті арттыру саясатын әзірлеу мен іске асыруды қолдауға бағытталған іс-шаралар өткізіледі.